Лудомания — ғасыр дерті
Лудомания — ғасыр дерті: Мектебімізде 7-8 сынып оқушыларының қатысуымен құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алуға бағытталған маңызды тәрбие сағаты өтті. Шара барысында оқушыларға лудоманияның зияны, оның психологиялық және әлеуметтік салдары туралы арнайы бейнероликтер көрсетілді. Бейнематериалдардан кейін балалар топқа бөлініп, көргендерін қызу талқылады. Сабақ барысында уақыт пен эмоцияны басқару, салауатты әдеттерді қалыптастыру және виртуалды әлемге алданбай, кітап оқу, үстел ойындары