Материалы за Мамыр 2026 года » СШ №33
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№33 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 578-705
Есепші бөлімі:
+7(7262) 578-817
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Мамыр 2026 года
«Білімім – Отаныма» тақырыбында сынып сағаты
25
мамыр
2026
«Білімім – Отаныма» тақырыбында сынып сағаты
Бүгін 2 «Б» сыныбында «Білімім – Отаныма» тақырыбында сынып сағаты өтті.  Оқушылар білімнің маңызын түсініп, Отанға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік туралы ой бөлісті. Әр бала өз арманы мен болашақтағы мақсатын айтып, белсенділік танытты. Білімді ұрпақ – елдің жарқын болашағы!
25 мамыр – Соңғы қоңырау!
25
мамыр
2026
25 мамыр – Соңғы қоңырау!
Бүгінгі мерекелі күн – шәкірттер үшін қуаныш пен қимастыққа толы ерекше сәт. Бір оқу жылының қорытындысы жасалып, жетістіктер мен жарқын естеліктер жүректе сақталады. Барша түлектерге ақ жол, биік белестер мен жарқын болашақ тілейміз! Ал жас шәкірттерге көтеріңкі көңіл-күй мен жақсы демалыс болсын!  
жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы
21
мамыр
2026
жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы
2026 жылғы 21 мамыр күні сағат 17:00-де М.Әуезов атындағы №33 орта мектебінің мәжіліс залында жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.  Күн тәртібінде: 2025–2026 оқу жылының қорытындысы. Жаңа оқу жылының мақсат-міндеттері. Баяндамашы: А.Б. Ботамкулова Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері. Баяндамашы: ДҚТІЖО М.Б. Узбекова 2026–2027 оқу жылына міндетті мектеп формасы. Баяндамашы: ДТІЖО А.Р.Отаркосова Әртүрлі мәселелер: – 1-сыныпқа қабылдау ережелеріне енгізілген өзгерістер
«Ақпараттық қауіпсіздік және медиасауаттылық» бойынша арнайы мамандармен кездесу
19
мамыр
2026
«Ақпараттық қауіпсіздік және медиасауаттылық» бойынша арнайы
Ақпараттық қауіпсіздік және медиасауаттылық – заман талабы! Бүгін мектебіміздің 9-11 сынып оқушылары үшін аса маңызды әрі өзекті тақырыпта – «Ақпараттық қауіпсіздік және медиасауаттылық» бойынша арнайы мамандармен кездесу өтті. Қазіргі цифрлық заманда интернет пен әлеуметтік желілер өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда, виртуалды әлемде пайдалы ақпаратпен қатар, түрлі киберқауіптер де жетерлік. Кездесу барысында білікті мамандар жоғары сынып оқушыларына интернет кеңістігінде өзін қалай
""БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ" АЙЫ
15
мамыр
2026
""БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ" АЙЫ
 «OTBASYVABE» науқаны аясында 5–6 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ» тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Іс-шараның мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту және ата-аналардың мектеппен байланысын арттыру болды.
«Үздіктер шеруі» салтанатты шарасы
12
мамыр
2026
«Үздіктер шеруі» салтанатты шарасы
12 мамыр күні мектебімізде «Үздіктер шеруі» салтанатты шарасы өтті. Шара барысында қалалық, облыстық және республикалық жарыстарда жүлделі орын алған дарынды оқушыларымыз марапатталды. Білім мен өнерде, спорт пен шығармашылықта биік жетістікке жеткен шәкірттеріміз – мектебіміздің мақтанышы!  Жеңімпаз оқушыларымызға алдағы уақытта да толағай табыс, биік белестер мен сәттілік тілейміз! Үздіктердің жеңісі – жарқын болашақтың кепілі!