05
маусым
2026
«Қағаздан жасалған креативті бұйым» атты шеберлік сабағы
05.06.2026 күні М.Әуезов атындағы №33 орта мектеп жанындағы «Балдаурен» жазғы демалыс лагерінің оқушылары Шебер қолдар күні аясында «Оқушылар сарайының 2026 жылы мектеп жанындағы лагерьлерге арналған көпшілік іс-шаралар жоспарына сәйкес» ұйымдастырылған «Қағаздан жасалған креативті бұйым» атты шеберлік сабағына қатысып қайтты.
Шеберлік сабағы барысында оқушылар түрлі қағаз түрлерін пайдалана отырып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін шыңдап, әсем әрі ерекше қолөнер бұйымдарын жасады. Іс-шара балалардың қиялын дамытып, эстетикалық талғамын қалыптастыруға және бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік берді. Оқушылар жаңа тәжірибе жинақтап, көтеріңкі көңіл-күймен оралды.