2026-2027 оқу жылына оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау » СШ №33
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№33 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 578-705
Есепші бөлімі:
+7(7262) 578-817
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2026-2027 оқу жылына оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау
01
шілде
2026

2026-2027 оқу жылына оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау



АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!!!
 М
.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ №33 ОРТА МЕКТЕБІНДЕ 1- СЫНЫПҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ ЖАЛҒАСУДА
 
📆 2026-2027 оқу жылына оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау  31 тамызда аяқталады.
 
📜 Балаларды мектепке қабылдау тәртібі 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрықпен бекітілген Үлгілік қағидаларда айқындалған.

 Өтінішті OQU ұлттық білім беру платформасы (oqu.edu.kz), eGov электрондық үкімет порталы арқылы немесе білім беру ұйымына тікелей келіп, қағаз түрінде беруге болады.

      Құжатты қабылдау кезінде мектептің қызмет көрсету аумағында тұратын балалар басым   құқыққа ие. Сонымен қатар, бос орын болған жағдайда ата-аналар (заңды өкілдер) кез келген мемлекеттік білім беру ұйымына өтініш бере алады.

Өтініш беру үшін заңды өкілдің тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеуі болуы қажет. Тұрғылықты мекенжай мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы расталады.

1-сыныпқа қабылдау үшін қажет құжаттар:

• баланың 3×4 көлеміндегі фотосуреті;

• профилактикалық егу картасы (№ 065/е нысаны);

• баланың денсаулық паспорты (№ 052-2/е нысаны);

• психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның (ПМПК) қорытындысы (ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін).

        Мектепалды даярлықтан (0-сынып) өткен білім алушылар ата-аналарының (заңды өкілдерінің) өтініші негізінде 1-сыныпқа қабылданады.


 Барлық сұрақтар бойынша 8(7262)57-87-05 телефоныны хабарласа аласыздар.
 Мекенжайымыз: Мәншүк Мәметова ,9




















Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив