17
сәуір
2026
«Бірлік – бейбіт өмір кепілі» тақырыбында ұлттар достығына арналған фестиваль
«Қазақстан – татулық пен достық мекені» айлығы аясында (13 наурыз – 13 сәуір 2026 жыл) мектепте оқушылар арасында бірлік, татулық, достық, толеранттылық құндылықтарын насихаттау мақсатында «Бірлік – бейбіт өмір кепілі» тақырыбында ұлттар достығына арналған фестиваль және шығармашылық көрме 2026 жылдың 30 наурызы мен 06 сәуірі аралығында 1–8 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды.Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Оқушылар ерекше қызығушылық танытып, белсенділік көрсетті. Бұл фестиваль оқушылардың бір-біріне деген құрметін арттырып, ұлттар арасындағы достықты нығайтуға ықпал етті.