15
маусым
2026
9-сынып түлектеріне арналған аттестат тапсыру рәсімі
Бүгін М.Әуезов атындағы №33 орта мектебінде 9-сынып түлектеріне арналған аттестат тапсыру рәсімі салтанатты түрде өткізілді.
Мектеп өміріндегі маңызды белестердің бірі – негізгі орта білім туралы аттестатты табыстау сәтінде оқушыларға ізгі тілектер айтылып, олардың оқу жолындағы жетістіктері атап өтілді. Бұл күн – шәкірттердің білімге толы тоғыз жылдық еңбегінің нәтижесі мен жаңа өмір кезеңіне бастар қадамы.
Түлектерімізге алдағы оқу жолында сәттілік, биік мақсаттарға жету, қажырлы еңбек пен жарқын болашақ тілейміз! Армандарыңыз асқақ, қадамдарыңыз нық болсын!