"БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ" айы
"БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ" айы 12 желтоқсанда «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында «Жасөспірімдер әлемі қауіпсіз бе?» тақырыбында пікірсайыс өтті.Пікірсайысқа мектеп оқушылары, жас зерттеушілер және қоғам белсенділері қатысты. Шара барысында жасөспірімдердің онлайн және офлайн қауіпсіздігі, әлеуметтік желілердегі қауіпті факторлар, сыни ойлау дағдыларын дамыту және өз құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды. Қатысушылар өз ойларын дәлелді аргументтермен жеткізіп, шешімдер мен ұсыныстар ұсынды.