11
маусым
2026
«ЖҰЛДЫЗДАР ШЕРУІ» байқауы өтті
11 маусым күні М.Әуезов атындағы №33 орта мектеп жанындағы «Балдаурен» жазғы демалыс лагерінде мектептің мәжіліс залында көңілді де әсерлі «ЖҰЛДЫЗДАР ШЕРУІ» байқауы ұйымдастырылды.
Байқау барысында лагерь тәрбиеленушілері өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, ән айтып, би билеп, түрлі өнерлерін ортаға салды. Қатысушылардың сахна мәдениеті, өнерге деген қызығушылығы мен белсенділігі көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Іс-шараның басты мақсаты – балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту, өнерге баулу, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру және өздеріне деген сенімділіктерін арттыру болды.
Байқау соңында барлық қатысушылар марапатталып, көтеріңкі көңіл-күй мен жарқын әсерге бөленді.