«Заңды біл, тәртіпті сақта!» атты ашық сынып сағаттары
1-сәуір күні М.Әуезов атындағы №33 орта мектебінде «Заңды біл, тәртіпті сақта!» атты ашық сынып сағаттары өтті. Сынып сағатының негізгі мақсаты — оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заң мен тәртіптің маңыздылығын түсіндіру. Шара барысында оқушылар өз құқықтары мен міндеттері туралы тереңірек мағлұмат алып, қоғамдағы жауапкершілік туралы ой бөлісті. Болашақ еліміздің тірегі — білімді де тәртіпті ұрпақ!