Бүгін 2 «Б» сыныбында «Білімім – Отаныма» тақырыбында сынып сағаты өтті.

Оқушылар білімнің маңызын түсініп, Отанға деген сүйіспеншілік пен жауапкершілік туралы ой бөлісті. Әр бала өз арманы мен болашақтағы мақсатын айтып, белсенділік танытты.
Білімді ұрпақ – елдің жарқын болашағы!