02
маусым
2026
«Біз бақытты балдырған»атты іс-шара
Өткізілген күні:01.06.2026ж
1 Маусым-Халықаралық балаларды қорғау күні кеңінен аталып өтуде. Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастыруымен 1 Маусым-балаларды қорғау күніне арналған «Біз бақытты балдырған»атты іс-шара өткізілді.
Осы мерекелік шараға оқушыларымыз белсенді қатысты.Түрлі ойын-сауық түрлерін ойнатып,сыйлықтар мен тәтті тағамдар таратылды.Белсенді қатысқаны үшін оқушыларымыз алғыс хаттармен марапатталды.Осы іс-шараға риза болған балалар, мәз-мәйрам болып қуанды.Ағартушы А.Байтұрсынов «Балам деген Ел болмаса,Елім деген бала қайдан шығады»,-деген.Балаларды қорғау күні мереке ғана емес,сонымен қатар,болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі.Адамзаттың алдында тұрған зор міндет-болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру.
