03
қазан
2025
📍 М.Әуезов атындағы №33 орта мектебі 🗓 2025 жылғы 3 қазан «Ұстаз – мектеп жүрегі» атты мерекелік іс-шара өткізілді
📍 М.Әуезов атындағы №33 орта мектебі
🗓 2025 жылғы 3 қазан
«Ұстаз – мектеп жүрегі» атты мерекелік іс-шара өткізілді
2025 жылдың 3 қазан күні М.Әуезов атындағы №33 орта мектебінде Ұстаздар күніне орай дәстүрлі «Ұстаз – мектеп жүрегі» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ұстаздарға арналған жүрекжарды лебіздер айтылып, оқушылардың орындауында әндер шырқалып, билер биленіп, әсерлі көріністер қойылды. Шараның басты мақсаты – шәкірт тәрбиесінде аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымына деген алғыс пен құрметті білдіру болды.
Мерекелік жиынға білім саласына ұзақ жылдар еңбек сіңірген ардагер ұстаздар арнайы шақырылды. Атап айтқанда:
Айдарова Салима Тураровна
Турысжанова Жеміскүл Турысжановна
Картакова Раиса Мирзашаеховна
Юнусова Сона Магадыновна
Абельдинова Алла Васильевна
Медетова Замира Сатувальдиевна
Құрметті қонақтарға арнайы сыйлықтар табысталып, олар өз тарапынан жас буын ұстаздарға ізгі тілектерін білдірді.
Бұл мерекелік жиын – ұрпақ тәрбиесінде қажырлы еңбек етіп жүрген ұстаздарға деген шынайы алғыс пен ілтипаттың жарқын көрінісі болды.
Ұстаз – әрбір шәкірттің жүрегінде мәңгі сақталатын шамшырақ.
#ҰстаздарКүн
і #№33Мектеп
#ҰстазҒұмыры