09
қаңтар
2026
"ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП" айы
2026 жылғы 09 қаңтар күні «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында зияткерлік ойындар ұйымдастырылып өткізілді.Іс-шараның тақырыбы «Мектеп формасын сақтамаған оқушыға шара қолдану дұрыс па?» деп аталды.
Аталған зияткерлік ойын оқушылардың тәртіп нормаларына деген көзқарасын қалыптастыруға, өз ойларын еркін жеткізуге және қоғамдық ортадағы жауапкершілігін арттыруға бағытталды.
Ойын барысында қатысушылар өз пікірлерін дәлелдеп, сыни ойлау дағдыларын дамытты.