20
наурыз
2026
«Достық пен бірлік» тақырыбында флешмоб
«Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы» аясында (13 наурыз – 13 сәуір 2026 жыл) мектебімізде оқушылар арасында достықты, өзара сыйластықты және бірлікті нығайту мақсатында «Достық пен бірлік» тақырыбында флешмоб ұйымдастырылып, өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың ұйымшылдығын арттыру, толеранттылық пен ынтымақтастық құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Флешмобқа мектеп оқушылары, сынып жетекшілері және педагогтер белсенді қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар бірлік пен достықты бейнелейтін арнайы музыкалық сүйемелдеумен би қимылдарын орындап, «Достық», «Бірлік», «Татулық» сияқты ұғымдарды дәріптейтін ұрандар мен қимылдарды пайдаланды. Іс-шара оқушылардың ұйымшылдығын арттырып, өзара құрмет пен ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруға оң ықпал етті. 
