9-сынып түлектеріне арналған аттестат тапсыру рәсімі
Бүгін М.Әуезов атындағы №33 орта мектебінде 9-сынып түлектеріне арналған аттестат тапсыру рәсімі салтанатты түрде өткізілді. Мектеп өміріндегі маңызды белестердің бірі – негізгі орта білім туралы аттестатты табыстау сәтінде оқушыларға ізгі тілектер айтылып, олардың оқу жолындағы жетістіктері атап өтілді. Бұл күн – шәкірттердің білімге толы тоғыз жылдық еңбегінің нәтижесі мен жаңа өмір кезеңіне бастар қадамы. Түлектерімізге алдағы оқу жолында сәттілік, биік мақсаттарға жету, қажырлы еңбек пен