«Ұлттық дүниетаным күні» ұйымдастырылды
08.06.2026 жыл Мектеп жанындағы «Балдаурен» жазғы демалыс лагері 6-КҮН – ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ КҮНІ Бүгін «Балдаурен» жазғы демалыс лагерінде «Ұлттық дүниетаным күні» ұйымдастырылды. Күннің басты мақсаты – балаларды халқымыздың салт-дәстүрлерімен, әдет-ғұрыптарымен, ұлттық құндылықтарымен таныстырып, ұлттық мәдениетке деген құрмет сезімін қалыптастыру. Іс-шара барысында оқушылар қазақ халқының бай мұрасымен танысып, ұлттық ойындар ойнады, салт-дәстүрлердің мән-мағынасы туралы мағлұмат алды.