19
мамыр
2026
«Ақпараттық қауіпсіздік және медиасауаттылық» бойынша арнайы мамандармен кездесу
Ақпараттық қауіпсіздік және медиасауаттылық – заман талабы!
Бүгін мектебіміздің 9-11 сынып оқушылары үшін аса маңызды әрі өзекті тақырыпта – «Ақпараттық қауіпсіздік және медиасауаттылық» бойынша арнайы мамандармен кездесу өтті. 

Қазіргі цифрлық заманда интернет пен әлеуметтік желілер өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды. Алайда, виртуалды әлемде пайдалы ақпаратпен қатар, түрлі киберқауіптер де жетерлік. Кездесу барысында білікті мамандар жоғары сынып оқушыларына интернет кеңістігінде өзін қалай қауіпсіз ұстау керектігін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Кездесу соңында оқушылар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, мамандардан тұшымды жауаптар алды. Мұндай шаралар жасөспірімдердің цифрлық сауаттылығын арттырып, интернетті тек пайдалы мақсатта қолдануға бағыттайды.
Ұйымдастырушылар мен ақпараттық қолдау көрсеткен мамандарға алғыс білдіреміз!