«Достық пен бірлік» тақырыбында флешмоб
«Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы» аясында (13 наурыз – 13 сәуір 2026 жыл) мектебімізде оқушылар арасында достықты, өзара сыйластықты және бірлікті нығайту мақсатында «Достық пен бірлік» тақырыбында флешмоб ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – білім алушылардың ұйымшылдығын арттыру, толеранттылық пен ынтымақтастық құндылықтарын насихаттау, сондай-ақ жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Флешмобқа мектеп оқушылары, сынып жетекшілері және педагогтер белсенді қатысты.