ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ" айы
ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ" айы аясында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Ұшқыр ой алаңы» жобасы бойынша кезекті пікірсайыс 13.03.2026 күні өткізілді. Аталған іс-шараны жоба жетекшісі А.Д. Саттарова ұйымдастырды. Пікірсайысқа 7 «А» сыныбының ұл балаларынан құралған топтар қатысып, өз ойларын еркін жеткізіп, білімдері мен шешендік қабілеттерін көрсетті. Шара барысында оқушылар өзекті тақырыптар төңірегінде пікір алмасып, дәлелді ой айту мәдениетін қалыптастырды.