Мамырамиова Дина Нурсалимовна
Посмотреть онлайн файл: kmshlk-direktorldy-ou-s-orynbasary7.doc
Мамыраимова Дина Нурсалимовна – директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
1971 жылы 18 мамырда Жамбыл облысы, Свердлов ауданына қарасты, Ленин колхозында дүниеге келген. 1988 жылы – Свердлов ауданында «40 жылдық атындағы орта мектебін» бітірген.
1990 – 1995 жылдар аралығында Жамбыл педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығын аяқтаған.
Еңбек жолы:
1995 – 1997 жылдар аралығында Свердлов ауданы «Үлгілі» орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ретінде қызмет атқарған.
1997 – 1999 жылдар аралығында «Мырзатай» орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ретінде қызмет атқарған.
1999 жылы – Тараз қаласы, М.Әуезов атындағы №33 орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ретінде жұмысқа қабылданды. 2009 жылы – директордың құқықтық-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ретінде тағайындалып, 2012 жылдан бастап директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары ретінде қызмет атқарып келеді.