М.Әуезов атындағы № 33 орта мектебінің қамқоршылық кеңесі отырысының хаттамасы
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М. Әуезов атындағы № 33 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қамқоршылық кеңесі мүшелерінің отырысы
Хаттама №6
Тараз қаласы. «18» қаңтар 2019 жыл
Қатысқандар: 17
Күн тәртібінде
- Қамқоршылық кеңесінің ережесімен, мақсат-міндеттерімен, құру тәртібімен таныстыру.
- Кеңес мүшелерінің міндеттерін бөлу.
- Жылдық жұмыс жоспарын даярлау, талқылау.
Тыңдалды:
1. Бірінші мәселе бойынша кеңес мүшелері алдында мектеп директоры сөз алды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына» тоқталып, жалпы ережелері, қамқоршылық кеңесті сайлау тәртібі мен құрамы, өкілеттігі, кеңес жұмысын ұйымдастыру тәртібі, оның жұмысын тоқтату ережелерін атап таныстырып өтті (баяндама қоса тіркелген).
2. Екінші мәселе бойынша да директор сөзін жалғастырып қамқоршылық кеңесі құрамына еніп отырған кеңес мүшелері жергілікті өкілдіктен, әлеуметтік әріптестерден, атқарушы және құқық қорғау органдарының өкілдерінен, сонымен қатар ата-аналардан қамтылып отырғанын атап кетті. Кеңес мүшелері бір ауыздан төраға ретінде мектептің ата-анасы Гүлнар Лесбекқызы Мусинованы ұсынды, кеңес хатшысы ретінде мектептің қызметкері А.Д.Маликова тағайындалды.
3. Қамқоршылық кеңес мүшелері және мектеп директоры бірлесе отырып алдағы жылдың жұмыс жоспарын даярлап, атқаратын жұмыстарың кестесін жасап, міндеттерді бөлді.
Шешім:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын» қамқоршылық кеңес мүшелері назарға алсын
2. Қамқоршылық кеңес төрайымы – Г.Л.Мусинова
Қамқоршылық кеңес хатшысы: А.Д.Маликова сайлансын
3. Қамқоршылық кеңес жұмысы жұмыс жоспарына сай атқарылсын
Қамқоршылық кеңес төрайымы: Г.Л.Мусинова
Хатшы: А.Д.Маликова