08
мамыр
2026
«Ұрпақтар ұмытпайтын ұлы Жеңіс» атты эссе жазу байқауы
02–06 мамыр күндері аралығында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен «Ұрпақтар ұмытпайтын ұлы Жеңіс» атты эссе жазу байқауы өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты – оқушыларға Ұлы Жеңістің тарихи маңызын түсіндіру, батырлар ерлігін дәріптеу, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Байқауға 9–11 сынып оқушылары белсенді қатысып, өз шығармаларында Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халықтың қайсарлығы мен батырлардың ерлігі туралы ой қозғады. Оқушылар бейбіт өмірдің қадірі, ел қорғаған жауынгерлердің жанқиярлық ерлігі, соғыс жылдарындағы қиындықтар мен бүгінгі ұрпақтың ардагерлерге деген құрметі туралы мазмұнды пікірлерін білдірді.