10
сәуір
2026
«Adal Bala – заңды ұстан!» атты интеллектуалды-құқықтық викторина
Мектебімізде 8 сынып оқушылары арасында құқықтық сауаттылығын арттыру және заңға деген құрметін қалыптастыру мақсатында «Adal Bala – заңды ұстан!» атты интеллектуалды-құқықтық викторина ұйымдастырылды.
Шара барысында:
Оқушылар топтарға бөлініп, арнайы дайындалған құқықтық тапсырмаларды орындады;
Күнделікті өмірдегі құқықтар мен міндеттер туралы сұрақтарға жауап іздеді;
«Адалдық» және «Заңдылық» ұғымдарының маңыздылығын талқылады.
Бұл викторина балалардың тек заңды біліп қана қоймай, оны күнделікті өмірде қолдана білуіне, өз ойын еркін жеткізуіне мүмкіндік берді. Топтық жұмыс барысында оқушылар белсенділік танытып, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.
Адал ұрпақ – ел ертеңі! Тәртіп пен заңды сақтау – әрбір саналы азаматтың борышы.