02
желтоқсан
2025
Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай "Ұлылардың ұлысы – Абай" атты мазмұнды, тағылымды сыныптан тыс кеш ұйымдастырылды
2 желтоқсан күні мектебімізде жүріп жатқан қазақ тілі мен әдебиеті айлығы барысында Байырова Шолпан мен Саттарова Айжанның ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай "Ұлылардың ұлысы – Абай" атты мазмұнды, тағылымды сыныптан тыс кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында ұлы ақынның өнегелі өмірі мен мәңгілік мұрасы кеңінен насихатталды. Оқушылар Абайдың жүрекке жетер жырларын тебірене оқып, сырлы әндерін нақышына келтіре орындады.
Көрермендер назарына ұсынылған қарасөздерден үзінділер қойылым түрінде сахналанып, оқушылардың өнері мен шеберлігі көпшіліктің ықыласына бөленді. Абай мұрасын тереңінен сезіндіретін бұл көріністер оқушылардың ой-санасын байытып, рухани дүниесіне әсер етті.
Сонымен қатар, "Бойы бұлғаң" әніне қойылған әсем би кеш көркін аша түсті. Ізденіспен дайындалған бұл шара – Абай әлеміне сапар шеккен, өшпес рухани мұраны жүрекпен түйсінген әсерлі кешке айналды.