Мектептегі қауіпсіздік: Кибербуллингтің алдын алу және құқықтық
Бүгінгі таңда жасөспірімдердің интернет кеңістігіндегі қауіпсіздігі мен олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру — қоғам алдындағы ең өзекті міндеттердің бірі. Осы мақсатта М. Әуезов атындағы №33 жалпы орта мектебінде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған маңызды кездесу өтті. Іс-шара жоспарына сәйкес, Жамбыл облысы ПД Тараз қаласы ПБ 1-і полиция бөлімі Криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі, полиция майоры Қ.О.Исмаил оқушылармен кездесіп, ауқымды түсіндірме