22
ақпан
2023
Қауіпсіздік сабақтары 2023 жылдың 20 ақпан күндері құқық бұзушылықтың және қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында 1-11 сынып аралығында қауіпсіздік сабақтары жүргізілді.
Қауіпсіздік сабақтары 2023 жылдың 20 ақпан күндері құқық бұзушылықтың және қауіпсіздіктің алдын алу мақсатында 1-11 сынып аралығында қауіпсіздік сабақтары жүргізілді. Түсіндіру барысында оқушыларға темір жол желісінен белгіленбеген жерлерден кесіп өту, шұғыл тежеу және темір жол бойында орын алатын жарақаттануға алып келетіндігі, сондай-ақ жолаушылар поезының терезелерін сындыру қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатындығы және темір жолдағы қауіпсіздік жүріс-тұрыс ережелері ескертілді. Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу олардың құқықтарын қорғау, қылмысты болдырмау, құқықтық сауаттылығын арттыру және темір жол бойында жол жүру ережелері түсіндірілді. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127,442,559,187,188 баптарының талаптары түсіндіріліп, темір жолға бөгде заттар қою, темір жол арқылы белгіленбеген жерден өту тақырыбында дәріс, бейнероликтер көрсетілді.