12
желтоқсан
2022
Ерлік сабағы «Шекара –мемлекет қауіпсіздігінің тірегі»
Ерлік сабағы «Шекара –мемлекет қауіпсіздігінің тірегі»
АӘжТЖ пәнінің мұғалімі А.Тулендиев 10-шы сынып оқушыларымен, жоспарланған «Шекара –мемлекет қауіпсіздігінің тірегі» тақырыбында ерлік сабағын өткізді.
Мақсаты:
- Қазақстанның Тәуелсіздігі туралы айту арқылы оқушылар бойына еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезім қалыптастыру
- Елімізге тәуелсіздіктің оңай жолмен келмегендігін, тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсіндіру;
- Тарих тағылымынан өнеге алып, ұлттық сананы жаңғыртқан қазақ жастарының ізбасары болу.
Тәуелсіздік – киелі де қасиетті ұғым. Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухынының жемісі.
Сабақ барысында оқушыларға, еліміздің Тәуелсіздігі жайлы тарихи деректі видеороликтер, слайдтар көрсетілді.
Қорытындылай келе оқушылар Отанымыз жайлы, Тәуелсіздігіміз жайлы, еліміздің шекарасы туралы білім қоржындарын толықтыра түсті.