31
қаңтар
2026
«Әке – отбасының тірегі» тақырыбында әкелер форумы
«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» айы аясында
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатында 2026 жылғы 30 қаңтарда М.Әуезов атындағы №33 орта мектепте «Әке – отбасының тірегі» тақырыбында әкелер форумы өтті.
Форумға 100-ге жуық әке, сондай-ақ арнайы қонақтар:
Іс-шара барысында әкенің отбасындағы рөлі, бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі, заң мен тәртіпті сақтау, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мәселелері талқыланды. Әсіресе, ұл бала тәрбиесіндегі әкенің орнына ерекше мән берілді.
Іс-шара соңында тәрбие жұмыстарына белсенді қатысқан әкелер мектеп әкімшілігі тарапынан алғыс хаттармен марапатталды.
Аталған форум отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды тәрбиелік іс-шара болды