01
тамыз
2024
“МЕКТЕПКЕ ЖОЛ” Республикалық акциясы
“МЕКТЕПКЕ ЖОЛ” Республикалық акциясы🔰«Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларын жалпыға бірдей міндетті біліммен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылдың 1 тамыз - 30 Сентябрь аралығында өткізіледі.
🔰Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.
🔰Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.Науқанға кез-келген адам қатыса алады:барлық азаматтар, еріктілер, кәсіпкерлер, меценаттар және т.б.
📌Көмек көрсетуге өз үлесімді қосамын деген жандар
Тараз қаласы білім бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз.
☎️Контакты телефоны 8(7262)548622
Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!
«Мектепке жол» республикалық акциясын іске асыруға белсенді қатысуларыңызды сұраймыз.