ХАБАРЛАНДЫРУ!
Құрметті ата-аналар!
2019 жылдан бастап дәстүрлі «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жыл бойы өтетін форматқа ауыстырылды.
Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балаларға мектепке қажетті заттарды алу үшін материалдық т.б. көмек көрсету.
Осыған байланысты, ҚР Білім және Ғылым министрлігі мен «Атамекенім» қоғамдық бірлестігі арасында мұқтаж отбасыларға atamekenim.kzпорталында өтініштер арқылы көмек көрсету туралы келісім жасалған.
Бұдан былай, atamekenim.kz порталы арқылы көмекке мұқтаж ата-аналар «Мектепке жол» акциясына онлайн-өтінім бере алады.
Көмек көрсеткісі келетін ұйымдар мен жеке тұлғалар да осы платформа арқылы онлайн қаражат аударып, оның қайда жұмсалғаны туралы есеп ала алады.
Бұл платформа тұрақты түрде жұмыс жасайтынын хабарлаймыз.