« Оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың және зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу» тақырыбында ата –аналар жиналысының БАҒДАРЛАМАСЫ » СШ №33
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№33 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 578-705
Есепші бөлімі:
+7(7262) 578-817
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » « Оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың және зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу» тақырыбында ата –аналар жиналысының БАҒДАРЛАМАСЫ
22
қараша
2018

« Оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың және зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу» тақырыбында ата –аналар жиналысының БАҒДАРЛАМАСЫ


« Оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың және зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу»

 тақырыбында ата –аналар жиналысының

БАҒДАРЛАМАСЫ


Тараз қаласы,                                                                                    22 қараша 2018 жыл             

М.Әуезов атындағы № 33                                                                  сағат  18:00

орта мектеп акт залы 


Мақсаты:  Мектеп оқушыларының өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың,  нашақорлықтың және зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу 


Модератор:  мектеп директоры  Караулова Нурила Опабековна 


 17.30 -18.00 -  Қатысушыларды тіркеу 


18.00- 18.05. – Ата –аналар жиналысының ашылуы


18.05.-18.15. – Оқушылардың өмір қауіпсізідігін қамтамасыз ету туралы. Баяндамашы: мектеп директоры Караулова Н.О. 


18.15-18.40-Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың және зиянды заттарды пайдаланудың алдын-алу туралы. Баяндамашылар: мектеп психологтары  Мелдебекова Л.,  Котикова К., мектеп инспекторы  Мамарахимов С.А. ДҚТІЖО Джантелиев М.А. 


18.40-18.50 – Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы    № 16 мобилдік топ мүшесі Жамбыл Тараз газетінің редакторының міндетін атқарушы Абдиев Ерлан Қанжанұлы 



18:50-19:00  –  Сұрақ жауап 



19:00: 19:10  Қорытындылау 











М.Әуезов атындағы №33 орта мектебі

жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысының 

Хаттамасы №4


Тараз қаласы                                                                        22.11.2018 жыл


   Қатысқандар: 1 -11 сынып оқушыларының ата – аналары. Барлығы: 285  ата-ана

Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы № 16 мобилдік топ мүшесі Жамбыл Тараз газетінің редакторының міндетін атқарушы Абдиев Ерлан Қанжанұлы,  мектеп психологтары  Мелдебекова Л.,  Котикова К., мектеп инспекторы  Мамарахимов С.А. ДҚТІЖО Джантелиев М.А. 


Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:


1.Оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы


2.Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың және зиянды заттарды пайдаланудың алдын алу туралы.


3.Әртүрлі мәселелер


Тыңдалды:

1. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша мектеп дирректоры Караулова Нурила Опабековна сөз алды .Ол өз сөзінде отбасы тәрбиесінің негізгі мақсаты – дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, білімді азаматты тәрбиелеу. Бала да жас терек сияқты, қалай тәрбиелесең, жастан қандай тәрбие берсең, ертең есейгенде жас кезіндегі алған тәрбиесі өміріне негіз болмақ. Ата-ана бала қауіпсіздігін сақтауды ең бірінші орынға қою керек.

Күн сайын еліміздің қалаларында, ауылдарында автокөліктер саны өскен сайын жол апаттары да арта түсуде. Жол көлік оқиғалары жөніндегі деректерге зер салсақ, қалалық жерлерде жаяу жүргіншілердің кінәсінен болатын оқыс оқиғалар саны едәуір көп. Оның ішіндегі жас балалардың апатқа жиі ұшырайтыны: жастай өмірмен қоштасып, орны толмас өкінішке әкелетіні немесе ауыр жарақат алып, кейбірі өмірлік мүгедек болып қалуы мүмкін. Оның себептері: көптеген оқушылар жолда жүру ережесін сақтай білмеуінде. Олар көбіне ереже талабын бұзып, асығыстық жасап, жүгіріп өтуге ұмтылады. Асыға жолға жүгіріп шыққан баланың қауіпке ұшырайтыны, өзіне ғана емес, өзгенің де өміріне қатер төндіретіні баршаңызға мәлім. Осындай оқиғаларды болдырмас үшін мектепте мұғалім, үйде ата-ана балаға үнемі жолда жүру ережесін ескертіп отыруы міндетті. Әдетте кез келген ата-ана балаларды мектепке шығарып саларда «жолдан жүгіріп өтуші болма, машина қағып кетеді» деген ескертуден аса алмайды. Бұл - әрине, жеткіліксіз. 

(т.б.мәселелелі айтты баяндама қоса тіркелді)


2. Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мектеп психологі Мелдебекова Ляззат Паримбековна сөз алды. Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу, сондай-ақ, неше түрлі зиянды заттарға әуестенбеуін қадағалау.

Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр, себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған жасөспірімдердің саны азаяр емес. Бұл санатқа, көбінесе отбасылық жағдайы нашар, өздеріне өздері бас болып жүрген балалар немесе керісінше ауқатты отбасындағы балалар.   (баяндама қоса тіркелді)

3.Әртүрлі мәселелер мектеп инспекторы Мамарахимов Сардор Абдусатарович және ДҚТІЖО Джантелиев сөз алды.  

Олар өз сөзінде қәзіргі таңда зиянды заттардың ішінде 11-14 жасар балалар арасында желім иіскеу, бір-бірін буындыру (собачи кайф) ойыны көп кездеседі. Желім иіскеу – яғни желімнің иісінен рахаттану, балалар желім иіскеп рахатқа 

бөленіп жатырм деп ойлайды, бірақ бұл әрекеті өлімге әкеп соғуы мүмкін. Бірін-бірі буындыру ойыны – бұл балалар бір-бірімен пәстесіп кім ең көп демалмай тұра алады деген ойын. Бұндай ойынды балалар көбінесе сыртта, достар арасында ойнауы мүмкін, сондықтан, балаларыңызды күнде қадағалап, денесінде қандай да бір жарақат жоқ па тексеріп жүрулеріңізді сұранамыз. (баяндама қоса тіркелді)

Қорытынды сөз мектеп директоры Караулова Нурила Опабековна сөз алды. 

Құрметті ата-аналар, жоғарыдағы айтылған мәселелер өте күрделі. Балаларыңызды қараусыз қалдырмаңыздар, қадағалап, жиі әңгімелесіңіздер. Балаларыңыздың ғаламторда көп отырмауын қадағалаңыздар, өйткені, ғаламторда жасөспірімдерге арналған неше түрлі зиянды ойындар кездеседі. 

Баяндаманы қорыта келе, сіздерге  бірнеше кеңестер ұсынамыз. Осы кеңестерге жиі жүгініп отырсаңыздар болады.

Тыңдағандарыңызға үлкен рахмет, әлде қайда бір жағдайды болып жатқаны сезінсеңіз мектеп әкімшілігіне келіп жолықсаңыздар болады сіздерді тыңдауға дайынбыз, Сіздерге есігіміз әрдайым  ашық! деп сөзін қорытындылады. 

Шешім: 

  1. Ата-ана мен мектеп арасындағы байланыс үнемі тұрақты болсын;
  2. Мектеп психологтары оқушылар арасында тақырыптық сауалнама алсын;
  3. Ата-ана баланың мектептен кейінгі уақытын бақылауда ұстасын.



Мектеп директоры                                                                   Н.Караулова





Хатшы: А.Маликова


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив