2018 - 2019 оқу жылындағы мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысының жұмыс жоспары » СШ №33
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№33 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 578-705
Есепші бөлімі:
+7(7262) 578-817
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2018 - 2019 оқу жылындағы мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысының жұмыс жоспары
03
қыркүйек
2018

2018 - 2019 оқу жылындағы мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысының жұмыс жоспары


                                                                                       Бекітемін                                      

М.Әуезов атындағы № 33

орта мектеп директоры 

Караулова Н.О. 

« 31» тамыз  2018ж



2018 - 2019 оқу  жылындағы  мектепішілік

жалпы  ата-аналар жиналысының жұмыс жоспары


                  Мазмұны

     Мерзімі 

       Жауаптылар 



1

1.Жаңа оқу жылының басталуы.

Тақырыбы: «Отбасы –бақыт аясы»

а) 2017-2018  жаңа оқу жылында 3,6,8 сыныптардың  5 күндік оқу жүйесіне көшу жоспарын таныстыру.

б) Ата –аналар комитетін сайлау.

2.Мектеп формасына қойылатын талаптар (орамал тағу т.б)

3. «Дені сау ұрпақ –ел болашағы»

Мектеп оқушыларының  тамақтануын ұйымдастырылуы. 

5. Жолдарда қауіпсіздікті сақтайық 

(ана - аналарға ескерту)

6. Әр түрлі мәселелер 


  01.09.2018 ж


Мектеп директоры

Караулова Н.О.  

 ДТІЖО 

Токметова Д.А. 

ДҚТІЖО

Жексембаев    А.А. 

Мектеп инспекторы

Мамарахимов С.А. 

Мед бике 

Пияева О.Ш. 


2


1.Баяндама «Мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастық»

І - тоқсан қорытындылары.

а)  Оқушылардың сабақ үлгерімі 

б) Оқушылардың сабақтан себепсіз қалғаны 

2. Әр түрлі мәселелер



10.11.2018 ж














Мектеп директоры

Караулова Н.О.     

ДОІЖО 

Арыстанбекова Г.Р. 

ДТІЖО 

Токметова Д.А.

ДҚТІЖО
 Жексембаев  А.А. 







3

ІІ- тоқсан қорытындылары.

а)  Оқушылардың сабақ үлгерімі 

б) Оқушылардың сабақтан себепсіз қалғаны 

2.Құқық бұзушылықтың алдын алу

а) «Заң бұзушылық неге әкеліп соғады?»

5. «Қамқорлық» акциясы 

6. Әр түрлі мәселелер 


12.01.2018 ж



 Мектеп директоры

Караулова Н.О.     

ДОІЖО 

Арыстанбекова Г.Р. 

ДТІЖО 

Токметова Д.А.

ДҚТІЖО
 Жексембаев  А.А. 


4

1.ІІІ- тоқсан қорытындысы 

а)  Оқушылардың сабақ үлгерімі 

2.Қазіргі кездегі дұрыс  мамандық таңдау- сәтті болашақ

а) Эмтихан  тапсыру жағдайында оқушыларға қолдау көрсету. 

б) Эмтиханға   дайындықтың кешенді тәсілі

в) психологиялық кеңестер 

3. Сыныптан сыныпқа көшу емтихандары және сабақ үлгерімі. 

5. Әр түрлі мәселелер 


20.04.2018ж



Мектеп директоры

Караулова Н.О.     

ДОІЖО 

Арыстанбекова Г.Р. 

ДТІЖО 

Токметова Д.А.

ДҚТІЖО
 Жексембаев  А.А. 


1.ІV  - тоқсан қорытындысы 

2.Жазғы демалыстар  

(0-7    сыныптың ата-аналары)

а)«Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы»  жазғы сауықтыру лагерінде демалуы туралы 

б) жазғы кезеңде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық жүргізу

3. Оқу жылының аяқталуы 

4. Әр түрлі мәселелер 


15.05.2018ж 

Мектеп директоры

Караулова Н.О.    

ДТІЖО 

Токметова.Д.А. 

ДОІЖО 

Мамыраймова Д.Н.

Әлеуметтік ұстаз 










М.Әуезов атындағы №33 орта мектептің 2017-2018 оқу жылындағы

ата-аналар комитетінің құрамы:


Ата-аналар комитетініңтөрайымы

Сарбалина Ләззат
 
 

Ата-аналар комитетінің мүшелері:
 
 

1.Досжанова Қ.

2.Төлеутаева Ә. 

3.Маербаева Г.

4.Сабитова Д. 

5.Жаппар А.

6.Дурмаганбетова  К.

7.Арыстанбекова  П. 

8.Муханова  З.





Мектеп директоры:                             Н.О.Караулова















М.Әуезов атындағы №33 орта мектебі

Ата-аналар жиналысының

Хаттамасы № 1

Тараз қаласы                                                                05.09.2016 жылы                 

         

Қатысқандар:130


  1. 1-11 сынып  оқушыларының  ата- аналары 
  2. Қалалық прокурорының  көмекшісі: Байгараев А.


Күн тәртібінде:

Тақырыбы:  Ата –ананың бала алдындағы міндеті 

1.     Жаңа 2016-2017 оқу жылың  басталуы.

а) Мектептің жылдық жоспары мен таныстыру 

б) Ата –ананың бала алдындағы міндеті 

  2. Кәмелетке толмаған  жасөспірімдердің арасында құқық бұзушылық пен  қылмысты болдырмау және оның алдын алу.


 3. Әр түрлі мәселелер.


Тыңдалды:

 Күн тәртібіндегі бірінші  мәселе бойынша мектеп директоры Н.О.Караулова сөз алды: Жаңа 2015-2016 оқу жылында атқарылған жұмыстарға талдау жасап өтті. Тәртіп бұзудың алдын алу жұмыстары- ата-аналар қауымдастығымен жұмысты дұрыс жолға койғанда ғана нәтижесін беретіні анық. Осыған орай өткен оқу жылында мектебіміздің тәрбие орталығы ата-аналармен жоспарға сай жүйелі жұмыс жүргізді. 2015-2016 оқу жылына арналған мақсат міндеттерге тоқталып өтті.1. Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында үйірме жұмыстарын жандандыру. 2. Тәрбие сағаттарының мазмұнын, формасын өзгерту. 3. Тәртіп бұзушылық пен қылмыстың алдын алу жөніндегі құқықтық білім беру жұмысы жандандырылсын. 4. Сынып жетекшілер тарапынан тәртібі қиын балалармен мектеп психологтармен біріге отырып, жұмыс жүргізсін. 5. Ата- аналармен балаа тәрбиесіндегі проблемплар іс-шараларға байланысты жұмыс түрін бірлесе отырып жүргізу керек екендігін айтып өтті.


Екінші мәселе бойынша ДТІЖО К.Б. Бердибаева сөз алды: Отбасы-адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Тәрбиенің кілті-отбасының өмір тіршілігіне байланысты. Әсіресе, ата-ананың адамгершілік бейнесі балаларды тәрбиелеудің негізгі көзі. «Қыран ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» ғой. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын атқаруға кіріседі, яғни оларға тәрбиеші бола бастайды. Отбасының берік негізі міне, рухани мүдденің бірлігінде болмақ. Оның біртұтас тату болуы береке бірлігі ең алдымен әке-шешенің бір-біріне, балаларына қалай қарайтындығына байланысты.
 Ерте кезде балалар оқыса да, оқымаса да дін талап еткен тұрмыс ережесін білуге, орындауға тиісті болған. Ғасырлар бойы қалыптасқан, халық дәстүрлері мен салттары болған, отбасы тәртібі солар арқылы қатаң реттеліп отырған. Мысалы: қызға қандай киім лайықты, шашты бір өрім бе, әлде екі өрім етіп өруі дұрыс па, оны шашбаумен сәндеу керек пе, не орамалдың, не кимешектің астына жасырып қойған жөн бе? дейтін жайларды жіктеген. Ал, қазіргі кезде қыздарымыздың кіндігін көрсетіп жүруі, жарассын-жараспасын киімдерді киюі, өміріміздің бір бөлшегіне айналғанын жасыра алмаймыз. Баланың жақсы адам болуы тек ғана өмірдің ағымынан қалмай киіну ғана емес, ең негізгісі өмірден өз орнын таба алатын азамат ретінде тәрбиелеу жағы ақсап жатады деп сөзін аяқтады.
 
 

Үшінші мәселе бойынша ДҚТІЖО Джантелиев М.А. сөз алды:

   Жаңа оқу жылының басынан бастап ата- аналарға балаларың құқық бұзушылық іс әрекеттерге жол бермеуін, мектепке кешікпей келуін, сабақтан себепсіз қалмауын және қымбат ұялы телефон ұстамауын сұранып, ескертті.

    «Отбасы тәрбиесі – қоғам негізінің бастауы» тақырыбында баяндамасын оқыды. 




Шешім:

  1. Жаңа 2015-2016 оқу жылына қойылған мақсат міндеттерді назарға алынсын.
  2. Ата-ана отбасылық тәрбиеге көңіл аударсын.
  3. Оқушылар сабақтан себепсіз калмауын, кешікпеуін, қымбат бұйымдар әкелмеуін ата- аналар қатаң қадағаласын.





Хатшы:                                     















«Отбасы тәрбиесі- қоғам негізінің бастауы»


Отбасы-адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрар, қанат қағар ұясы, алтын бесігі. Тәрбиенің кілті-отбасының өмір тіршілігіне байланысты. Әсіресе, ата-ананың адамгершілік бейнесі балаларды тәрбиелеудің негізгі көзі. «Қыран ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» ғой. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын атқаруға кіріседі, яғни оларға тәрбиеші бола бастайды. Отбасының берік негізі міне, рухани мүдденің бірлігінде болмақ. Оның біртұтас тату болуы береке бірлігі ең алдымен әке-шешенің бір-біріне, балаларына қалай қарайтындығына байланысты.
 Ерте кезде балалар оқыса да, оқымаса да дін талап еткен тұрмыс ережесін білуге, орындауға тиісті болған. Ғасырлар бойы қалыптасқан, халық дәстүрлері мен салттары болған, отбасы тәртібі солар арқылы қатаң реттеліп отырған. Мысалы: қызға қандай киім лайықты, шашты бір өрім бе, әлде екі өрім етіп өруі дұрыс па, оны шашбаумен сәндеу керек пе, не орамалдың, не кимешектің астына жасырып қойған жөн бе? дейтін жайларды жіктеген. Ал, қазіргі кезде қыздарымыздың кіндігін көрсетіп жүруі, жарассын-жараспасын киімдерді киюі, өміріміздің бір бөлшегіне айналғанын жасыра алмаймыз. Баланың жақсы адам болуы тек ғана өмірдің ағымынан қалмай киіну ғана емес, ең негізгісі өмірден өз орнын таба алатын азамат ретінде тәрбиелеу жағы ақсап жатады.
 Ұрпақ – болашақ, яғни ол адамзаттың болашағы, ал отбасы кішкене мемлекет. Отбасында ынтымақ болмауынан, ерлі-зайыптылар арасындағы алауыздықтан, бірінің сөзін екіншісі тыңдамауы, бала тәрбиесін тым қиындатып жібереді сондықтан ата-ана беделден, тіл алғызу ықпалынан айырылады. Кей ата-аналар өздерінің міндеттерін тек балалардың қарнын ашырмау, киімдерін бүтіндеу деп те ойлайды. Балаларының білімін мектепте алған бағаларымен ғана бағалайды. «2» алса жаман, «5» алса жақсы. Оқу жылы ішінде бірде-бір рет балаларының сабағына қатыспайтын ата-ана, баласы бұзық болса, тәртіпсіз болса ұстаздар қауымына тіл тигізіп, қаралап жататын кездері де аз болмайды. Міне, сондықтан отбасындағы білім беру бағытындағы тәрбиесі жайына қалады. Отбасының аса маңызды міндеттерінің бірі-баланы жарқын істерге, нұрлы мұраттарға тәрбиелеу екендігін естен шығарып алған қаншама ата-ана бар десеңізші. Халқымыздың «Балаңды бес жасқа дейін патшадай сыйла, бес жастан он бес жасқа дейін құлындай жұмса, одан соң өзіңе ақылшы дос сана» деген өмірлік қағидасы емес пе.
 Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы, өз отының басындағы, ата-ана тәрбиесі. «Баланың бас ұстазы ата-анасы» демекші отбасындағы таным, түсінік қалай қалыптасса, адамның бойында қалатын сол қасиет солай қалыптасады. «Болса тәртіп, бала өседі сомданып, қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы шектен тыс шолжаңдатпай, байсалды, ұғымтал, тілалғыш етіп баулу ата-ананың басты міндеттерінің бірі.
 Отбасында бала тәрбиесіне теріс ықпал ететін факторлардан ата-ана әрқашан аулақ болуы керек. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші, жалпы отбасында ұл бала тәрбиесінде әкенің, қыз бала тәрбиесінде шешенің орны ерекше. «Қызың өссе қызы жақсымен ауылдас бол, ұлың өссе, ұлы жақсымен ауылдас бол», «Ұл туса елдің қорғаны, Қыз туса елдің көркі» деп халқымыз бекер айтпаған шығар. Мұның бәрі әке-шешенің бала тәрбиелеудегі өздерінің үлгі-өнегесіне де тікелей байланысты болмақ.
 Ата-бабамыз отбасы тәрбиесінде еңбекке де көп мән беріп, ол туралы да өзіндік ойларды қалдырған. «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған айуанның бірі боласың. Адамзаттың қамы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлы боласың» деп отбасында баланы жастайынан еңбекке баулудың маңыздылығын жоғары қоя білген. «Ата – ана балаға сыншы». Балалардың бос уақытын дұрыс ұйымдастырып, немен айналысып жүргендігіне жіте көңіл бөлсе, мерзімдік басылымдарға жаздырып, әдеби шығармаларды оқуға жасынан дағдыландырса кейін бармақ тістейтін оқиғалардың алдын алуға болар еді.
 Үлкенді құрметпен қадір тұту, ілтипатты қарым-қатынаста болу, сыйласа білу, ата-ананы қартайғанда қарау, кішіге қамқор болу-бұл қазақ халқы үшін жазылмаған заңдар. «Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды, кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды», «Аға әдепті болса, іні әдепті, апа әдепті болса, сіңлі әдепті» т. б. мақалдардан үлгі-өнеге, тәлім-тәрбиеге ерекше назар аударғанын көреміз,
 Сонымен, ата-ананың тәрбиесі бала мінезінің ірге тасы. «Тәрбие – табалдырықтан басталады» нақылы өмірден алынған шындық. Бала тәрбиесі – нәзік те күрделі, әрі қоғамдық жауапкершілікке жатады. Бала – өмірдің гүлі, сол әлеуметтің болашағы. Баланы тәрбиелі де, саналы азамат етіп өсіргіміз келсе, ең алдымен өзіміз кіршіксіз таза, тәрбиелі адам болуымыз керек. Адамгершілік пен саналықтың бастапқы қарапайым белгілерін өнегелі отбасында дарытқан баланың болашағы жарқын, өмірі мәнді болмақ. «Біздің балалар-біздің қарттығымыз, жаман тәрбие-болашақтағы қайғымыз, бұл біздің көз жасымыз, бұл басқалар алдындағы, бүкіл еліміз алдындағы біздің кінәміз» демекші кең байтақ елімізде ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып, ұяттылық, әдептілік, көргенділік, мейірімділік, шарапаттылық салтанат құрып үйлесімділік тауып жатса, сол қымбат қасиеттердің бәрі отбасы, ошақ қасында бүршік атып, бұтағын жаятынын естен шығармауымыз керек.














ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ  БӨЛІМІНІҢ М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ №33 ОРТА МЕКТЕБІ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ










Баяндама

 Тақырыбы: 

«Отбасы тәрбиесі- қоғам негізінің бастауы»







Дайындаған ДҚТІЖО:  М.А. Джантелиев




                                                           Тараз қаласы  


М.Әуезов атындағы №33 орта мектебі

Ата-аналар жиналысының

Хаттамасы № 2


Тараз қаласы                                                 15.11.2015 жылы         

                   

Қатысқандар:


  Ата- аналар, мектеп әкімшілігі,сынып жетекшілер, мектеп психологы,мектеп мед бикесі.



Күн тәртібінде:

Тақырыбы  «Салауатты ұрпақ біздің болашағымыз»

  1. «Салауатты ұрпақ біздің болашағымыз». (әңгіме сұхбат) 
  2. «Баланың оқу іс - әрекетіне көмек» (психологиялық тренинг) 

Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша мектебіміздің мед бикесі О. Пияева әңгіме сұхбат жүргізді:

   Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруі жөнінде мемлекет басшысы алға қойған міндетті жүзеге асыруда халықтың денсаулығы ең маңызды мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта әлеуметтік жағдай, өмір сүру ұзақтығының төмендеуі және адам экологиясының қолайсыздығы бүкіл өркениетті әлем үшін көкейтесті мәселе болып отыр.
       Салауаттылық - ішкіліктен, есірткі, темекіден аулақ болу, дене және жан тазалығын сақтау, тіпті қарапайым түрде айтсақ адамның киім киісі, тамақты қалыппен ішуі де кіретін игі іс-әрекет. Өмір заңдылығы салауатсыздықты кешірмейді, оғаш қылықтар түбінде опық жегізеді.
 Жасөспірімдердің салауаттылық өмірге ұмтылысы, зиянды әдеттерді жек көрушілігі олардың өзге адамдармен қарым-қатынасына яғни әлеуметтік ортаға тығыз байланысты. Ұрпақты өмір заңдылықтарына, салауаттылық негіздеріне бейімдеу мектеп жүйесі жүктеген маңызды да жауапкершілігі мол міндет болып табылады. 
       Мағжан Жұмабаев бір сөзінде: «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі...» – депті. Осы ой бүгінгі күні өзекті мәселе болып тұр. Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу.
 
Екінші  мәселе бойынша мектеп психологы Котикова К. ата-аналармен психологиялық тренинг жүргізді.

                      Сәтті күн болсын, құрметті ата - аналар!

Ата - аналар үшін "Баланың оқу іс - әрекетіне көмек беру"

 1.Баланың сабағын жеңілдететін  жағдай жасауға тырысыңыз,    тұрмыстық – жақсы тамақтану, тұрақты  режим, толыққанды ұйқы, жайлы тұрмыстық жағдай, сабақ оқуға жайлы және ыңғайлы орын; эмоционалдық – баланың мүмкіндігіне сенімділік артыңыз, табысты орындауынан үміт күтіңіз, кішкене жетістігі болса да, қуанышыңызды білдіріңіз, баланың оқуына төзімділік, мейірімділік танытыңыз, бала үлгермей жатсақатты сөйлемеңіз; мәдени – балаңызды анықтамалармен, сөздіктермен, атластармен, бейнетаспалармен, мектептің оқу бағдарламасына сәйкес кітапшалармен қамтамасыз етіңіз.
     2.Өз балаңызды тыңдаңыз: ол жаттауға, есте сақтауға берген тапсырманы айтып шықсын, жазуға берген мәтінді бөліп-бөліп, асықпай оқыңыз, оқулықтағы сұрақтар бойынша сұраңыз т.с.с.
      3.Өзіңіздің бала кезіңіздегі жетістіктеріңіз туралы айтыпбілімдеріңізбен бөлісіңіз.
     4.Ата-ананың назарында баланың бағасы ғана емес, білім болу керектігін есте ұстаңыз.Сондықтан да баланың болашағы туралы ойлап, алған білімінің қай кезде, не үшін  қажеттілігін түсіндіріңіз. Баланың оқуға белсенділігін тудыратын отбасылық дәстүрлер мен әдеттер құрыңыз,
    5.Баланың бос уақытын құр қалдырмай, оны мазмұнды әрі, пайдалы етіп өткізуге көмектесіңіз.
   6.Балаңызды оқу үлгеріміне қарамай, жақсы көретініңізді сездіріңіз.
    7.Балаңызды жан-жақты бақылау үшін және мүмкін көмектер көрсету үшін әрдайым балаңыздың қатысатын үйірмелерінің, факультативтерінің, қосымша сабақтарының, сабақ кестесімен танысыңыз. т.б. Жоғарыда айтылған мәселелерді тыңдай келе, төмендегідей шешім қабылданды.


Шешім:

  1. Салауатты ұрпақ біздің болашағымыз екенін ескере отырып, ата- аналар балаларының денсаулығына уақытылы көңіл аударсын. 
  2. Мектеп психологы Котикованың берген ұсыныстар мен кеңестерін назарға алсын.





Хатшы:                         















«Салауатты ұрпақ біздің болашағымыз»


Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруі жөнінде мемлекет басшысы алға қойған міндетті жүзеге асыруда халықтың денсаулығы ең маңызды мәселе болып табылады. Қазіргі уақытта әлеуметтік жағдай, өмір сүру ұзақтығының төмендеуі және адам экологиясының қолайсыздығы бүкіл өркениетті әлем үшін көкейтесті мәселе болып отыр.
       Салауаттылық - ішкіліктен, есірткі, темекіден аулақ болу, дене және жан тазалығын сақтау, тіпті қарапайым түрде айтсақ адамның киім киісі, тамақты қалыппен ішуі де кіретін игі іс-әрекет. Өмір заңдылығы салауатсыздықты кешірмейді, оғаш қылықтар түбінде опық жегізеді.
 Жасөспірімдердің салауаттылық өмірге ұмтылысы, зиянды әдеттерді жек көрушілігі олардың өзге адамдармен қарым-қатынасына яғни әлеуметтік ортаға тығыз байланысты. Ұрпақты өмір заңдылықтарына, салауаттылық негіздеріне бейімдеу мектеп жүйесі жүктеген маңызды да жауапкершілігі мол міндет болып табылады. 
       Мағжан Жұмабаев бір сөзінде: «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі...» – депті. Осы ой бүгінгі күні өзекті мәселе болып тұр. Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу.
 Бала тәрбиесі әсіресе, мектептен тыс уақыттағы сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстардың мән-мағынасы өте зор болып келеді. 
 Жастар денсаулығының нашарлауы, олардың ағзаларының ауруға қарсы тұру қабілетінің әлсіздігі , азып-тозуы, тез шаршағыштығы, өмірінің қысқа болуы – осы жайттардың айқын көрінісі. Бұл мәселелердің барлығы жастар арасында тәрбие жұмыстарының жұтаңдығының салдары екендігі даусыз.
     Салауатты өмір салты - адам үшін аса маңызды, денсаулықпен тікелей
 байланысты құнды форма. Ол адам мәдинетінің бір бөлігі. Ал денсаулық
 адам бақытының негізгі бөлігі. Қоғамның болашағы әрбір адам денсаулығына байланысты. Денсаулыққа тек дененің сыртқы бүтіндігі ғана деп қарау ағаттық, жалпы алғанда оны организмнің жан-жақты дамуымен бүкіл қызметтердің жүзеге дұрыс асырылуы деп ұққан жөн.
 Бала тәрбиесі алдымен отбасынан басталады деп есептеймін, оған қоса біз балаға рухани тәрбие және стихиялық тәрбие береміз. Отбасы тәрбиесі ол ата-анасы. туыстары, отбасындағы дәстүрлер. Рухани тәрбие – ол балабақшадан басталады, мектеп, ақпараттық құралдар. Стихиялық тәрбие - адамдармен қарым-қатынасы, қоршаған орта, жұ мыс орны. 
 Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты ұғымын құрастырады. Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білім де қажет. Мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдері болашақ азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады.
 Мектеп оқушыларының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру бұл:
 - Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан – жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру;
 - Екіншіден, салауатты өмір салты – ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс – шараларды жүргізу.
 Мектептегі оқушы денсаулығын сақтау мен қалыптастырудың басты мақсаты: тұлғаның психологиялық, дене – қимыл әрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескеріп, гигиеналық ұғымдарды, салауатты өмір салтының уәждамаларын, жеке бас тазалығын жете түсіндіру;
 Олардың мінез – құлқында белгілі гигиеналық тұрақтылықты қалыптастыру, өзіне - өзі қызмет ету, денсаулығын сақтау, нығайту, мәдени – гигиненалық мінез – құлық дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
 Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қандай жағдайларға назар аудару керек?
 Өмір салты дегеніміз не?
 Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін қалыптастыру. Біздіңше, адамның әлеуметтік – психологиялық және биологиялық жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына жағдайлар негіз бола алады:
 - белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі немесе спортпен шұғылдану;
 - физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
 - жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
 - қарым – қатынас және экологиялық мәдениетке жету;
 - дұрыс жыныстық тәрбие алу;
 - зиянды әдеттерден аулақ болу.
 Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру формалары мынаны көздейді:
 - Жауапкершілік, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау;
 - Табиғи сезімталдық, оқушылардың жас ерекшелігін ескеру;
 - Ғылымилық, тек тексерілген ғылыми дәлелденген деректерге ғана
 сүйену;
 - Экологияландыру, адам организміне қоршаған орта факторларының
 әсерін білу;
 - Ұлттық аймақтық ерекшеліктерді ескеру, салауатты өмір салты
 туралы ұлттық салт-дәстүрлерімен танысып оны ұстана білу;
 - Үздіксіз оқыту, салауатты өмір салты дағдыларын үздіксіз
 қалыптастырып үнемі пайдалану;
 - Әлеуметтендіру, салауатты өмір салтын ұстанған қоғам мүшесін
 дайындау.
 Осы ұстанымдарды негіздеп жасөспірімдерді салауатты өмірге тәрбиелеу барысында мұғалімнің орны ерекше болуы тиіс. Мұғалім мектептегі басты тұлға. Қай мектептің болсын нәтижелі, жемісті жұмыс істеуі түптеп келгенде сол мектепте еңбек ететін әр мұғалімнің өз міндетіне, көзқарасына тікелей байланысты. Әрбір сыныпта ұстаз алдында отырған шәкірттері де сол болашаққа барар жол үстіндегі талапкерлер.
 Қазақстан Республикасының «Білім заңында» мектеп оқушылары бойында адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, адамзаттыққа тәрбиелеу және олардың ақыл-ой, танымдық шығармашылық қабілетін анықтау басты міндет екендігі айтылған. Осы міндеттердің жауапкершілігі негізінен мектептегі сынып жетекшісіне жүктеледі. Сондықтан оқушы бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой,танымдық сана-сезім қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құруды көздейді





Баланың іс әрекетіне көмек беру.

(психологиялық тренинг)

Сәтті күн болсын, құрметті ата - аналар!

Ата - аналар үшін "Баланың оқу іс - әрекетіне көмек"

 1.Баланың сабағын жеңілдететін  жағдай жасауға тырысыңыз,    тұрмыстық – жақсы тамақтану, тұрақты  режим, толыққанды ұйқы, жайлы тұрмыстық жағдай, сабақ оқуға жайлы және ыңғайлы орын; эмоционалдық – баланың мүмкіндігіне сенімділік артыңыз, табысты орындауынан үміт күтіңіз, кішкене жетістігі болса да, қуанышыңызды білдіріңіз, баланың оқуына төзімділік, мейірімділік танытыңыз, бала үлгермей жатсақатты сөйлемеңіз; мәдени – балаңызды анықтамалармен, сөздіктермен, атластармен, бейнетаспалармен, мектептің оқу бағдарламасына сәйкес кітапшалармен қамтамасыз етіңіз.
     2.Өз балаңызды тыңдаңыз: ол жаттауға, есте сақтауға берген тапсырманы айтып шықсын, жазуға берген мәтінді бөліп-бөліп, асықпай оқыңыз, оқулықтағы сұрақтар бойынша сұраңыз т.с.с.
      3.Өзіңіздің бала кезіңіздегі жетістіктеріңіз туралы айтыпбілімдеріңізбен бөлісіңіз.
     4.Ата-ананың назарында баланың бағасы ғана емес, білім болу керектігін есте ұстаңыз.Сондықтан да баланың болашағы туралы ойлап, алған білімінің қай кезде, не үшін  қажеттілігін түсіндіріңіз. Баланың оқуға белсенділігін тудыратын отбасылық дәстүрлер мен әдеттер құрыңыз,
    5.Баланың бос уақытын құр қалдырмай, оны мазмұнды әрі, пайдалы етіп өткізуге көмектесіңіз.
   6.Балаңызды оқу үлгеріміне қарамай, жақсы көретініңізді сездіріңіз.
    7.Балаңызды жан-жақты бақылау үшін және мүмкін көмектер көрсету үшін әрдайым балаңыздың қатысатын үйірмелерінің, факультативтерінің, қосымша сабақтарының, сабақ кестесімен танысыңыз.

Балаңыздың қуана мектепке баруы үшін не істеуге болады?

(Ата-аналарғакеңес беру жұмыстары)

•          Оныңуақытылыұйықтауғажатуынқадағалаңыз. Ұйқысықанбаған бала - сабақтамұңаюлықұбыжық. 

•          Мектептуралыжаманайтпаңыз, Баланыңкөзіншемұғалімдердісөзқылмаңыз.

•          Бала  тапсырмаларға, мектептенәкелгенкітаптарына  сіздіңқызығушылықтанытып, қадағалайтыныңыздыкөрсін. 

•          Өзіңізоқыңыз, бала ата-аналарының бос уақытын тек теледидар мен компьютер алдындаөткізбейтінінбілсін, көрсін.

•          Компьютерлікойындаойнауды бала күнінде 20 минуттанасырмауытиіс.  

•          Балағаөзойынжазбашажеткізудіүйретіңіз: онымен хат жазыпалмасыңыз, бірге хат жазыңыздар. Егер бала сізбен  қаттыәсералғаноқиғасыменбөліссе – солоқиғажайлыәңгімеқұрастырыпжазуынөтініңіз , ал кешкісін оны  барлықотбасымүшелерінеоқыпберіңіз.

•          Мектеп пен сыныпөмірінеүнемібелсенділіктанытыңыз. Балағаоныңмектебініңсіздіңөміріңіздің  маңыздыбөлігінеайналуыжақсыәсеретеді. 

•          Мектептесіздіңбалаңызөзінедегенөтежағымсызқатынасқақақтығысыпқалуымүмкін. Және де барлығыәрқашаніске аса бермейді. Осы сәттебалағаөзінедегенсенімінжоғалтпауғакөмектесіңіз.

•          Кейде бала барлықмектептікжағымсызжағдайлардыжүректерінежақынқабылдапқалуымүмкін. Әркезоғанненіңмаңызды, ненің аса маңызсызекенінүйретіңіз.

•          Балаңызғаұрыссаңыз, «сен әрқашан», «сен мүлдем», «әркез сен» дегенсөздердіқолдануданаулақболыңыз… Негізіндесіздіңбалаңызәрқашанжақсы, тек бүгінғанабірнәрсенідұрысістемеді. Осы туралыоғанайтыңыз. 

•          Әдетте бала жаманқылықістегендеолұялусезімінбастанкешіреді. Ал сіз оны жазалағанда, оныңұялусезіміөшеді. Ал бұлқауіпті.





























М.Әуезов атындағы №33 орта мектебі

Ата-аналар жиналысының

Хаттамасы № 3

Тараз қаласы                                                                12.01.2016 жылы                          

Қатысқандар:

Ата- аналар, мектеп әкімшілігі,сынып жетекшілер, мектепинспекторы, Тараз қаласының  прокуротурасының  бөлім прокуроры: Байғараев  А.


Күн тәртібінде:

Тақырыбы:  «Қылмыстың алдын алудағы ата- аналар жауапкершілігі»

  1. Қылмыстың алдын алудағы ата- аналар жауапкершілігі (баяндама) ДҚТІЖО М.Джантелиев
  2. ҚР ҚК, ҚР ӘК баптарына енгізілген жаңа өзгерістермен таныстыру, түсіндіру. 

Тыңдалды:

Бірінші мәселе бойынша ДҚТІЖО   М.Джантелиев   сөз алды:

    Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіруі жөнінде мемлекет басшысы алға қойған міндетті жүзеге асыруда халықтың -        

    Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты 2-ші мөлтек ауданында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Қаламызда жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында прокуратура, ішкі істер, сынып жетекшілер мен ата-аналардың қатысуымен «Түнгі қаладағы бала», «Жасөспірім», «Жазғы демалыс», «Бала және отбасы» бірлескен профилактикалық рейдтері жүргізілуде.Қазіргі таңда ішкі істер органдарымен бірлесе отырып балаларға қатысты қатыгез қарым-қатынас пен зорлық-зомбылықтың алдын алу, «Түнгі қаладағы бала» профилактикалық рейдтерді өткізу, жасөспірімдер мен балалар арасындағы қайғылы жағдайлардың алдын алу бойынша іс-қимыл жоспарлары жүзеге асырылуда. Дегенмен де, алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға қарамастан, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың орын алуына итермелейтін бірқатар себептер де бар екендігі туралы айтып өтті.

Екінші мәселе бойынша Тараз қаласы прокурорының прокуротурасының  бөлім прокуроры: Байғараев  А. сөз алды: Ол өз сөзінде ата- аналарды 2016 жылдың  1 қаңтарынан бастап ҚР Қылмыстық кодексінің, ҚР Әкімшілік кодексінің баптарына өзгеріс енгені туралы түсінік берді.

127-бап . Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң  балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi   орындамауы

      

442-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта   ойын-сауық мекемелерінде болуы

      

443-бап. Кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерiнің еріп
жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуы

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі

140-бап. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi
                мiндеттердi орындамау

      1. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi ата-анасының немесе өзiне осы мiндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтiң немесе оқу, тәрбиелеу, емдеу мекемесінің немесе кәмелетке толмаған адамды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi өзге мекеменiң басқа да жұмыскерiнiң кәмелетке толмаған адамның алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуына не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына не оның қылмыс, қасақана қылмыстық теріс қылық немесе қасақана әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекеттер жасауына әкеп соққан, дәлелсіз себептермен орындамауы немесе тиiсінше орындамауы –
       екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алпыс тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
 

Шешімі:

  1. Қылмыстың алдын алудағы ата- аналар жауапкершілігі туралы баяндама назарға алынсын.
  2. ҚР ҚК, ҚР ӘК баптарына енгізілген жаңа өзгерістер туралы мектеп оқушыларына түсіндіру жұмыстары жүргізілсін.. 


Хатшы:                          

ҚР ҚК, ҚР ӘК баптарына енгізілген жаңа өзгерістер.

127-бап .Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң  балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi   орындамауы

      1. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы –
       жеті айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
       2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
       жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.

442-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта   ойын-сауық мекемелерінде болуы

      1. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде
 болуы –
       заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
       2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
       заңды өкілдеріне он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

443-бап. Кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерiнің еріп
жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуы

      1. Кәмелетке толмағандардың заңды өкiлдерiнің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн болуы –
       заңды өкiлдерiне ескерту жасауға әкеп соғады.
       2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
       заңды өкiлдерiне он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі

140-бап. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi
                мiндеттердi орындамау

      1. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi ата-анасының немесе өзiне осы мiндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтiң немесе оқу, тәрбиелеу, емдеу мекемесінің немесе кәмелетке толмаған адамды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi өзге мекеменiң басқа да жұмыскерiнiң кәмелетке толмаған адамның алкогольдік ішімдіктерді, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуына не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына не оның қылмыс, қасақана қылмыстық теріс қылық немесе қасақана әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекеттер жасауына әкеп соққан, дәлелсіз себептермен орындамауы немесе тиiсінше орындамауы –
       екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алпыс тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.
       2. Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi ата-анасының немесе өзiне осы мiндеттер жүктелген өзге адамның, сол сияқты педагогтiң немесе оқу, тәрбиелеу, емдеу мекемесінің немесе кәмелетке толмаған адамды қадағалауды жүзеге асыруға мiндеттi өзге мекеменiң басқа да жұмыскерiнiң кәмелетке толмаған адамға қатыгездік танытуымен ұласқан орындамауы немесе тиісінше орындамауы –
       белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.















«Қылмыстың алдын алудағы ата- аналар жауапкершілігі»

Жастар арасындағы қылмыстың алдын-алу мемлекеттің басты міндеттерінің бірі болып табылады. Жасөспірімдердің және жастардың қылмысы туралы мәселе құқық қорғау жүйесінің ғана емес, сонымен қатар басқа да мемлекеттік ұйымдардың және азаматтық қоғам институттарының үнемі қадағалауын талап ететін басты мәселенің бірі. Жасөспірімдер арасындағы қылмыс қашан да ұлттық тұтастығымызға, ел болашағына қауіп төндірері сөзсіз. Жаңадан өркендеп келе жатқан ұрпақтың қылмыстың буралаң жолдарын таңдауы - дәуір қасіреті. Сотталған жасөспірімдердің көбеюі - қоғам өмірінің келеңсіз жақтарын, халықтың әлеуметтік ахуалының төмен екенін байқатады. Қоғамда неғұрлым дені сау, еңбекке жарамды азаматтар көбейген сайын мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы а жедел дами бастайды. Бүгінде түрмеде отырған азаматтардың 70% пайызы жас адамдар. Сотталушылар қатарында кәмелеттік жасқа толмағандардың көбеюі біздің қоғамды алаңдатпауы мүмкін емес. Қылмыстық жауапкершілікке қылмысты жасау кезінде жасы 16-ға толған азаматтардың тартылатындығы белгілі. Алайда, адам өлтіргені, қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру, ауырлататын мән-жайларда денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру, зорлау, жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері, адамды ұрлау, ұрлық, тонау, қарақшылық, қорқытып алу, ауырлататын мән-жайларда көлікті айдап кету, терроризм, адамдарды кепілге алу, қаруды ұрлау немесе қорқытып алу, оқ-дәрі, жарылғыш заттар мен басқа да құрылғылар, ауырлатылған мән-жайларда бұзақылық, тағылық, есірткі заттар мен психотроптық заттарды ұрлау немесе қорқытып алу ауырлататын мән-жайларда мәйітті немесе олардың көмілген жерлерін қорлау, көлік құралын немесе темір жолдарын қасақана жарамсыздық жағдайға келтірген үшін тұлғалар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Сот тәжірибесі көрсеткендей, кәмелетке толмағандар көбінесе ұрлық, тонау секілді қылмыстар жасайды. Соңғы кезде аталған қылмыстар ішінде ұялы-телефондарды ұрлау жиі орын алуда. Мұндай қылмыстық істер бойынша жәбірленушілер құқық бұзушылардан жасы кіші, әлсіздеу, кәмелеттік жасқа толмағандар болып табылады.
 Сот тәжірибесі көрсеткендей жасөспірімдер өз әрекеттерімен қауіп төндіретіндігі түсіндіреді. Жасалатын іс-әрекеттің қауіптілігі жасөспірімге «өзгенің өмірі мен мүлкіне тиіспе», дегенді бала кезінен ата-анасы немесе тәрбиеленушілерінің үйретуіне байланысты. Кішкентай кезден бастап пайдалы ақыл-кеңес, дұрыс бағыт беру нәтижесінде қылмыстық әрекеттердің қауіптілігін сездіруге болады. Кәмелеттік жасқа толмағандардың істерін қарау барысында, олардың жеке басы, тәрбиелену мен өмір сүру жағдайлары қылмысты жасау себептері, қылмысты жасауға себеп болған жағдайлары, оған деген ересектердің әсері - мұның бәрі тәрбиелеу бағытындағы шара қолдану мен жаза тағайындауда ескеріледі. Көп жағдайда ата-аналардың жасөспірімге дұрыс тәрбие бермеуі мен қылмыстық әрекеттерге бармауы туралы ескертуінің кемшілігі - құқық бұзушылық себебі болады.
 Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі оның алдын алған әлдеқайда жақсы. Алдын алу жұмысының нәтижелі алғаш жасалған теріс қадамның дер кезінде анықталуынан ғана емес, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге де байланысты. Мектеп жасындағы балалардың құқықтық сапасының төмендігі олардың қылмысты көп жасауына, заң талаптарына өз талаптарын қарсы қоюына әкеліп соғады. Сондықтан оқушылар қылмысының алдын алып, құқықтық тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Құқықтық тәрбие - кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып, жасөспірімдерді қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Жастарды заңның негізгі принциптерін біліп қана қоймай оны меңгере білуге де үйрету қажет.










































Ата – аналар жиналысына қатысқан ата –аналар тізімі

Өтілген күні: 5.09.2016ж.

                                                           1 сыныптар  

            Аты – жөні

         Қолы

  Сынып жетекшісі

    .


1






2






3






4










2   сынытар 

            Аты – жөні


          Қолы


 Сынып жетекшісі


1







2







3







4







5







6







7







8







9












3  сыныптар 

            Аты – жөні


          Қолы


 Сынып жетекшісі


1







2







3







4







5







4  сыныптар 

            Аты – жөні


          Қолы


 Сынып жетекшісі


1







2







3







4







5







6







7



















                                                        5 сыныптар 

            Аты – жөні


          Қолы


 Сынып жетекшісі


1







2







3







4







5







6







7







8







9






                                                           6  сыныптар 


            Аты – жөні


          Қолы


 Сынып жетекшісі


1







2







3







4







5







6







7














                                                           7  сыныптар 

            Аты – жөні


          Қолы


 Сынып жетекшісі



1







2







3







4







5







6










                                                           8 сыныптар 

            Аты – жөні


          Қолы


 Сынып жетекшісі


1







2







3







4







5







6







7














                                                          9 сыныптар 


            Аты – жөні


          Қолы


 Сынып жетекшісі


1







2







3







4







5







6








                                                            10 сыныптар 


            Аты – жөні


          Қолы


 Сынып жетекшісі


1







2







3







4







5
































                                                          11  сыныптар 


            Аты – жөні


          Қолы


 Сынып жетекшісі


1







2







3







4







5







6







7





8





9





10

































Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив