"ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ " ЭССЕ БАЙҚАУЫ
"ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫМ " ЭССЕ БАЙҚАУЫ Балалар жылы аясында "Тәуелсіздік тұғырым" тақырыбында ұйымдастырылған " эссе" байқауы өз мәресіне жетті. Байқауға 5-6-сынып оқушылары қатысып, шығармашылық қабілетімен ерекшеленіп, жазу сауаттылығының сапалы дәрежесін көрсетті. Әр эссе жеке көзқарастың көрініс табуы, кіріспе мен тақырып мазмұнының ашылуы, эсседегі тезис пен қорытындының логикалық байланысы, жұмыстың құрылымдық жүйесі мен мәтін тілінің көркемдігі сынды критерийлер бойынша бағаланды.