20
қаңтар
2023
"Асыл әжем"
2023 жылдың 20 қаңтар күні 6,7,8 сыныптар аралығында «Инабатты қыздар» атты оқушы қыздармен сырласу кеші өтті. Сырласу кешімізге «Әже» мектебінің мүшесі Дана әжей қыздармызға қыздардың тәрбиесі жайлы ақыл кеңестерімен бөлісті. Қызды қырық үйден тыю, қала берсе қара күңненде де тыю сөзінің мағынасын түсіндіріп, отбасындағы қыз баланың тәрбиелілігіне тоқталды. Сондай –ақ салт –дәстүр, әдет-ғұрып жайында кеңінен мағлұматтар берді.
Мақсаты: Жанұядағы әже мен немере арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Әжеге деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын бойға сіңіру. Баланы кішіпейідікке, қарт адамдарды құрметтеуге тәрбиелеу.