07
қазан
2022
«Отбасы – орта мектеп» жобасы аясында «Ана мектебі», "Қыз бала- болашақ ана", тақырыптарында 8-9-сыныптардың қыз балаларымен сырласу кешін өткізді.
«Отбасы – орта мектеп» жобасы аясында «Ана мектебі», "Қыз бала- болашақ ана", тақырыптарында 8-9-сыныптардың қыз балаларымен сырласу кешін өткізді. Аталған іс-шараға қатысқан ардақты ардагер ұстазымыз Айдарова Салима Тураровна — қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесінде ұл бала тәрбиесіне қарағанда біраз ерекшеліктердің бар екенін айтып. Себебін түсіндірді. Бүгін отбасында еркелеп өсіп отырған қыздар, күні ертең бойжетіп өскен соң, өзге шаңырақтың түтінін түтетіп, ошағының отын жағатын әйел, ана болатынын айтсақ та жеткілікті. Халқымыз ананың рөлін өте жоғары бағалаған. Ана – барлық өмірдің бастауы.«Қыз» — қасиетті сөз. Қасиетті болатыны бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді. Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді.Қазақ қауымында қыз баланың орны айрықша болған. Барған жерде бағының ашылуына үйде отырып қамданатын болған. Қыз баланы құрметтеу, оның еркелеткен деп қыз балаларға ата дәстүрін жалғастыруын тамаша жеткізе білді.


