21
қараша
2022
Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің онкүндігі аясында 10 «А» сыныбымен педагог-зерттеуші Исакова Айгуль Сагимбаевна М.Әуезовтің «Абай жолы » романындағы Абай бейнесі тақырыбында ашық сабағын өткізді.


Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің онкүндігі аясында 10 «А» сыныбымен педагог-зерттеуші Исакова Айгуль Сагимбаевна М.Әуезовтің «Абай жолы » романындағы Абай бейнесі тақырыбында ашық сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты: шығармадағы автор бейнесін анықтау, сын тұрғысынан ойлау арқылы өз ойын пысықтау, шығармадағы көтерілген мәселелерді талдау, өз ізденіс шығармашылық жұмыстарын қорғау.Сабақ барысында «Ақылдың алты қалпағы» әдісін қолдана отырып, сабақтың мақсатына жетті. Сабақта оқушылар "Абай жолы " роман-эпопеясы талдай отырып, блум таксономиясы бойынша Бала Абайдың жастайынан әжесі мен анасынан халық ауыз әдебиетінің аңыз әңгімелерін естіп, тыңдап өскенін айтса, түсіну және қолдану арқылы жас Абайдың әкесіне берген ұтымды жауабын айта білді.Талдау мен жинақтау бойынша Абай өмір сүрген заманындағы адамгершілікке жат қылықтарды айырмашылығын ажырата отырып,бүгінгі қоғаммен байланыстыра өз ойларын жеткізді. Бағалау бойынша Абай атамыз салған білімнің сара жолын бүгінгі таңда мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың «Оқуға құштар мектеп» жобасы жалғастыруда. "Білім пирамидасы" бойынша оқушылар сабақ барысында өздерінің алған білімдерін бағалады. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтті