29
наурыз
2024
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ ЕСІК КҮНІ 2024 жылдың 29 наурызында М.Әуезов атындағы № 33 орта мектебінде
1-11 сынып ата-аналарына арналған «Ашық есік» күні өткізілді. Ата-аналар толықтай мектептің тыныс-тіршілігімен танысып қайтты. Пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігі ата-аналарға жеке кеңестер берді. Пән мұғалімдерінен ата-аналар балаларының жетістігі, мінез-құлқы, оқу нәтижесін жақсарту үшін неге көңіл бөлу керек, 1, 5, 10-сыныптарда бейімделу қалай жүріп жатқаны, бағалау түрлері мен әдістері қызықтырды. Әкімшілік мүшелеріне балаға мамандық таңдауда қалай көмектесу керек, не нәрсеге назар аудару керектігі туралы сұрақтар қойды. Психологиялық қызметке қойылған сұрақтар диагностикалық нәтижелерге және балаға қалай көмектесуге болатынына негізделді. Сонымен қатар 5-сыныптың ата-аналары ерекше белсенділік танытты, өйткені білім берудің бастауыштан орта деңгейге өтуі, жаңа мұғалімдермен кездесуі, әр пән бойынша не нәрсеге көңіл бөлу керектігін айтты. Ашық есік күні өте нәтижелі және жақсы өтті. Мұғалімдер ата-аналармен жылы лебіздерін білдіріп, барлық сұрақтар ашық болды.






