24
мамыр
2019
Попечительский совет хаттамасы №9
«Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің М. Әуезов атындағы № 33 орта мектебі» управления образования Кызылординской области Попечительский совет мүшелерінің отырысы Хаттама №9 Тараз қаласы «24» мамыр 2019ж. Қатыскандар: Мектеп әкімшілігі - 6, қамқоршылық кенес мүшелері - 7, мектеп социологы, ата-аналар комитеті - 1, «Дәмді тамақтар» ЖШС бас аспазы Н.Хатамова, хатшы – 1 адам. Күн тәртібінде: 1. Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы демалыстарының ұйымдастырылуы және жолдамалардың объективті бөлінуін бақылау. 2. Мектеп жанындағы лагерде ақылы тамақтанатын оқушылардың ас мәзірі бағасын нақтылау, бекіту. Тыңдалды: 1. Бірінші мәселе бойынша мектеп директоры Н.О.Караулова сөз алды. Отырыс қатысушыларын Қалалық білім бөлімінің 2019 жылдың 5 мамырындағы №506 «2019 жылғы жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуы туралы» бұйрығымен таныстырып өтті. Жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысы, сауықтырылуы және жұмыспен қамтылуы бойынша бірінші кезекте жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы отбасы балаларымен, аз қамтылған отбасы балалары қамтылатындығын жеткізді. Бірінші мәселе бойынша сөзді мектеп социологы З.О.Алимбосынова жалғастырды. ҚР Білім және Ғылым министрінің 2018 жылғы 13 Декабрьдығы №684 бұйрығына 4-қосымшаны таныстырып өтті. Биылғы оқу жылында жазғы лагерге өтініштерді қабылдау элоктронды түрде жүргізілетіндігіне тоқталды. Биылғы оқу жылындағы аз қамтылған балалар саны – 181. Оның ішінде 11 бала 9 сынып оқушылары, 24 мамырдағы №9 педкеңестің шешімімен қорытынды аттестаттауға жіберілгендіктен жазғы сауықтыру лагерімен қамтылмайды. Олар: 1. Есенгелді Н. 9 «Ә» сынып 2. Джунусова А. 9 «Ә» сынып 3. Алматов А. 9 «А» сынып 4. Салиева Т. 9 «А» сынып 5. Сағынбек Е. 9 «А» сынып 6. Сағынбек А. 9 «А» сынып 7. Умарова Д. 9 «Ә» сынып 8. Умаров Т. 9 «Ә» сынып 9. Утеев Е. 9 «Ә» сынып 10. Джапаркулов А. 9 «Б» сынып 11. Абдукаримов Р. 9 «А» сынып 116 бала мектепішілік лагермен қамтылып отыр. 36 баланың ата-анасы қала сыртындағы лагерге өтініш білдірді. Өтініштері тіркелді. 18 баланың атаанасы отбасы жағдайына байланысты қала сыртындағы жазғы лагерден бас тартып, өтініштері тіркелді. 2. Екінші мәселе бойынша «Дәмді тамақтар» ЖШС бас аспазы Н.Хатамова сөйледі. Мектеп жанындағы лагерде ақылы тамақтанатын балаларға бірнеше ас мәзірін ұсынды. Ұсынылған ас мәзірін талқылай отырып, қамқоршылық кеңес мүшелері, мектеп әкімшілігі, мектеп социологы мен келісе отырып ақылы тамақтанатын балалардың ас мәзірінің құны 250 теңге деп келісілді (ас мәзірі тіркелді). Шешім: 1. Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы демалыстарының тиісті деңгейде ұйымдастырылуы қадағалансын. 2. 2019 жылдың 24 мамырдағы, №9 педкеңестің шешімімен қорытынды аттестаттауға жіберілген төмендегі 9 сынып оқушылары 1. Есенгелді Н. 9 «Ә» сынып 2. Джунусова А. 9 «Ә» сынып 3. Алматов А. 9 «А» сынып 4. Салиева Т. 9 «А» сынып 5. Сағынбек Е. 9 «А» сынып 6. Сағынбек А. 9 «А» сынып 7. Умарова Д. 9 «Ә» сынып 8. Умаров Т. 9 «Ә» сынып 9. Утеев Е. 9 «Ә» сынып 10. Джапаркулов А. 9 «Б» сынып 11. Абдукаримов Р. 9 «А» сынып - Жазғы сауықтыру лагерінен босатылсын 3. Кеңес отырысының шешімімен жазғы сауықтыру лагерінде ақылы тамақ бағасы 250 теңге болып бекітілсін. Попечительский совет төрайымы: Г.Л.Мусинова Хатшы: А.Д.Маликова