16
Ноябрь
2022
Ашық сабақ
Жаратылыстану математика бағыты пән бірлестігінің онкүндігі аясында педагог-зерттеуші Айдапкелова Гульнара Калшерқызы 6 «А» сыныбымен «Рационал сандарды бөлу» тақырыбында ашық сабақ өткізді . Сабақтың мақсаты; рационал сандарды бөлу тақырыбын меңгеру және алған білімдерін есеп шығаруда қолдана білу. «Пазл» әдісімен оқушылар топқа бөлінді. Сабақ барысында оқушылар киіз доммакетін тұрғызды. Әр-бір бөлікті тұрғызу үшін тапсырмалар орындады.
Сабақ басында математикалық диктант орындалды. Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлауды дамыту. Тиімділігі: Оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді. Тапсырмалар оңайдан күрделілігіне қарай жүйеленгендіктен, кейбір оқушыларға сөзбен қолдау көрсете отырып, оқушы мен мұғалімнің сенімділік ахуалын қалыптастыруға мүмкіндік болды.
Сабақ ұтымдылығы; оқушылар тақырыпқа сай ережені жеңіл жолмен түсінді және киіз домтуралы толық мәлімет алды. Оқушылар арасында жарыс тиімді де қызықты болды. Бір бірінің түсінбеген ережелерін толықтырып түсіндіріп отырды.Сабақ соңында топ жетекшісі топ мүшелерін бағалады.Топ жетекшісінің бағалауына қарай мұғалім сынып оқушыларын бағалады. Ашық сабақ жоғары деңгейде өтті.
