03
сәуір
2024
БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ БӘЙТЕРЕГІ - БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВ

БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ БӘЙТЕРЕГІ - БЕРДІБЕК СОҚПАҚБАЕВ
Балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай және Ұлы дала перзенттерін бәсекеге қабілетті біліммен қаруландыру мақсатында мектебімізде «Балалар әдебиетінің алып бәйтерегі» атты 4-5 сынып оқушылары арасында іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Іс-шара аясында қазақ жазушысы Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармаларына және повестеріне жеке-жеке тоқталып, түсінік берілді. 4 сынып оқушылары ортаға шығып бірі жазушының қысқаша өмірбаянына тоқталса, енді бірі «Менің атым Қожа» повесіне тоқталып, Қожаның бейнесін сомдаса, қалғандары сол повестегі жағымды және жағымсыз кейіпкерлер туралы әңгімеледі.