22
наурыз
2024
22 НАУРЫЗ – ЖЫЛ БАСЫ.

Жыл өткен сайын Март мейрамы еліміздегі бүкіл халықтың, ұлт пен ұлыстың сағынып күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде.
Биыл да Ұлыстың ұлы күні он күн бойы тойланады. Айшықты мерекеге Тараз тұрғындары да үлес қосуда.
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында №7 аумақтық округі «Grand bazar» сауда орталығының аумағында «Қош келдің, әз Март!» мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Шара барысында Амангелді Нұрзат, Әсем Инкарбек, Назира Мусаева, т.б. өнерпаздар әсем әндерін шырқап, көпшілікке көтеріңкі көңіл кдомсыйлады.
Іс-шара соңында жиналған қауым наурызкөжеден дәм татты.