«Отбасы – орта мектеп»жобасы аясында «Әке мектебі»
«Отбасы – орта мектеп» жобасы аясында «Әке мектебі» "Жігітке жеті өнер де аз", «Жеті атаңды білесің бе?» тақырыптарында 7-8-сыныптарда сайыс өткізілді. «Ана – өсіреді, әке – үйретеді» деп ұлы Аристотель айтқандай, қазақ халқының дәстүрлі құндылықтарын, салт-санасын бала бойына сіңіру, жеті атасын үйрету, әкеден балаға жалғасады. Аталған іс-шараға қатысқан ардақты әкелер Хорошийлық Ерлан, Азимбайұлы Изашев Нұрсұлтан, Жапаров Еркін Серікұлы, Мазболдиев Асқарбек Шәріпжанұлы, Жаңабаев Нүркен Жандарбекұлы, Байбосын Еркін Сәбитұлы, Абылайханов Ержан Абылайханұлы — қазақ халқының дәстүрлі салт-санасындағы адамның ата жағынан тегі таратылуының нақтылы жүйесі екендігін, ағайындықтары жеті атаға толмай жақын-жуықтар бір-бірінен қыз алыспайтындығын, әкесі балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана қоймай, олардың қандай адам болғанын, елі-жұрты үшін еткен ерлігі, өнегелі істері жайында біліп жүруін, осы арқылы бала ата дәстүрін жалғастыруын балаларға тамаша жеткізе білді.