17
қаңтар
2024
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ!
МЕКТЕП МАҚТАНЫШТАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ!
2024 жылдың 17 қаңтар күні 2023-2024 оқу жылының жарты жылдық қорытындысы бойынша мектебіміздің намысын қорғап жүрген дарынды білім алушыларды марапаттауға арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды.
Мақсаты: Мектеп мақтаныштарын марапаттау. Оқу жылының жарты жылдық қорытындысын айқындау. Салтанатты іс-шара барысында ғылыми жоба, олимпиада жеңімпаздары және спорттық жарыстар, шығармашылық конкурстар жеңімпаздары марапатталды. Спорттық жарыс жеңімпаздары - 55 оқушы, ғылыми жоба, олимпиада жеңімпаздары - 11 оқушы, шығармашылық конкурстар жеңімпазы – 22 үздік оқушы марапатталды. Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!
