
Құрметті ата-аналар!

Мектебімізде сіздер үшін

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы өз жұмысын жүргізуді бастап отыр.

Орталықта:

ата-аналар қауымын, отбасын нығайтуға, отбасылық және қоғамдық тәрбие байланысына мүдделі әкімшілік және педагогикалық қызметкерлерді біріктіреді ;

балалардың заңды өкілдерінің құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған, білім алушыларды тәрбиелеу, дамыту және оларға білім беру мәселелерін тиімді шешуге мүмкіндік береді.

Орталықтың мақсаты:

балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін дамыту;

Міндеттері:
1) балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық және әлеуметтік құзыреттерін дамытуда ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдауды ұйымдастыру;
2) балаларды тәрбиелеу мен дамытуда орта білім беру ұйымы мен отбасы арасындағы өзара іс-қимылды нығайту;
3) балаларды тәрбиелеу мен дамытуда ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.
Келіңіздер!!
#біртұтас_тәрбие