
Тараз қаласының білім бөлімі мектепке дейінгі ұйымдарда, орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібіне сәйкес Попечительский советтің сайлануы жөнінде конкурс өткізілетінін хабарлайды.

Құжаттарды қабылдау хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн өткен соң аяқталады.

Негізі: "Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 1 наурыздағы №56 бұйрығы.

Үміткерлер Попечительский советті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш (еркін түрде);
2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
4) білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.

Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады. Құжаттар мен мәліметтер тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның почта немесе электрондық мекенжайларына жіберіледі.
Все реакции:1Динара Токметова