ХАБАРЛАНДЫРУ!!!
Бос және уақытша бос ваканттық орын туралы хабарландыру!
Мекеме атауы: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің М.Әуезов атындағы №33 орта мектебі» КММ
Мекен-жайы: Тараз қаласы, М.Мәметова улица №9 үй
Эл.почта: Sh33taraz@mail.ru
Тел.: 8 (7262) 57-87-05
Бос лауазымның атауы: әлеуметтік педагог
Бос лауазымның мерзімі: тұрақты
Конкурсқа қатысуға өтініштер мен құжаттар 2023 жылдың 16 наурызынан бастап қабылданады.
Конкурс өтетін күн: 06.04.2023 жыл
Қажетті құжаттар тізбесі:
- Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
- психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
- наркологиялық ұйымнан анықтама;
- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ЕНТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10)Тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Функционалдық міндеттері:
- Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған қалған балаларды, мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедек балаларды, девианттық мінез-құлықпен оқитын бала кезінен мүгедектерді патронат, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, тиісті әлеуметтік көмекпен қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіру;
- Тегін ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастыру;
- Есептік құжаттаманы жасау:
Қойылатын біліктілік талаптары:
- Мамандық бойынша жұмыс өтілі: 1 жыл
- Білім деңгейі: жоғары
- Меңгерген тілдері: Қазақ тілі – жоғары деңгей
Орыс тілі – жоғары деңгей
- Жеке қасиеттері: жауапкершілік, бейімділік, ұжымда жұмыс істей білуі, сыпайылық.
Еңбек ақы төлеу мөлшері: 90 000 – 100 000 теңге (ескерту: еңбек ақы еңбек өтілі мен біліктілік санатына сәйкес есептеледі)