1 маусым-Балаларды қорғау күні
1 маусым-Балаларды қорғау күніне арналған мектебімізде мерекелік іс-шара өткізілді. Мектеп директоры Ботамкулова Айнұр Батырбекқызы қатысып, бүлдіршіндерге ақ тілегін арнады! Іс шараға 1-7 сынып оқушыларының қатысуымен концерттік бағдарламалар көрсетіліп, балалар өз өнерлерін көрсетті. Салтанатты іс-шарада балалар ән айтып,би билеп, ойындар ойнап, сұрақ-жауаптарға қатысып белсенділік танытты!