Қамқоршылық кеңес алдындағы мектеп директорының есебі 2020 жыл
Құрметті қамқоршылық кеңесінің мүшелері, кеңес отырысының қатысушылары ! Уақыт талабына сай білім мазмұнын жаңартып отыру - бүгінгі күннің басты талабы. Осы мақсатты көздеген М.Әуезов атындағы №33 орта мектебі ұжымы осы оқу жылын табысты тамамдады. М.Әуезов атындағы № 33 орта мектебінде 2019-2020 оқу жылын 967 оқушымен бастап, 950 оқушымен аяқтады. 1-4 сыныпта – 17 сынып- 418 оқушы, 5-9 сыныпта -18 сынып - 437 оқушы, 10-11 сыныпта - 5 сынып - 95 оқушы білім алды,