Бастауыш әдістемелік бірлестігі” онкүндігінің ашылу салтанаты өтті.
Бүгін “ Бастауыш әдістемелік бірлестігі” онкүндігінің ашылу салтанаты өтті. Онкүндіктің мақсаты: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқылатын пәндер бойынша білімдерін бекіту және тереңдету, ой-өрісін кеңейту және оқуға деген ынтасына ықпал ету арқылы білім сапасын арттыру. Онкүндіктің ашылу іс-шарасында оқушылар ән айтып, қазақтың ұлттық аспаптарында ойнады, сахналық қойылымдар қойды, өлең оқыды, халық билерін орындады. Барлық оқушылар осы іс-шараға үлкен қызығушылықпен қатысты.