09
ақпан
2024
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының сабақтары 5-9 сынып оқушыларының ата –аналарына арналды.
Әжелер өнегесі-ұрпақтан
ұрпаққа ұласып,
ғасырдан ғасырға
жалғасатын тәрбиенің
таусылмас қайнар көзі
”Даналық мектебі”
Тақырыбы: «Ақпараттан ақ-қараны ажырату өнері»
Мақсаты: Интернет ресурстарын қауіпсіз пайдалану мәселесі бойынша ата-аналардың білімін арттыру
Міндеттері:
1. Интернетке тәуелділіктің, кибербуллингтің алдын алу мәселелері бойынша ата-аналардың қызығушылығын арттыру.
2. Ата-аналардың қауіпсіздік мәселелері, ықтимал және интернет қауіптерінен қорғану жолдары туралы түсініктерін кеңейту.
3. Ата-аналардың өздерін және жасөспірімді медиакеңістікте қорғануға үйрету.
Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының кезекті сабағында «Даналық мектебі» клубы аясында құрылған «Әжелер мектебінің» төрайымы 75 жастағы Дауренбекова Дана әжеміз және 65 жастағы Ниябекова Қалдыгүл әжелеріміз «Ырым-тыйым – әдептілік негізі» атты жас ата-аналарға өскелең ұрпақты тәрбиелеуде тәжірибелерімен бөлісті. Жаңа туған балаға ат қою, түшкiру және есiнеу, амандасу, сәлем беру, айт мерекесiмен құттықтау, туысқандарды, достарды, көршiлердi аралау, науқас адамның көңiл – күйiн сұрау, қабiрдi зиярат ету, үйлену қағидасы, ғұсыл алу әдебi, ұйықтау әдебi, тырнақ алу әдебi, тамақ жеу әдебi, сөйлеу әдебi туралы ырым-тыйымдар туралы кеңінен түсіндірді.
“Даналық ағашы” арқылы қорытындыланды.
ДТІЖО Д.А. Токметова Д.А.
Байырова Ш.Б.
Айдапкелова Г.К.
Мельдебекова Л.П,
